Италияның солтүстігінде орналасқан Пьяченца қаласындағы Риччи-Одди заманауи өнер мұражайының қабырғасына жасырылған картина табылды. Ол атақты қылқылым шебері Густав Климттің "Әйел портреті" аталатын жұмысы болып шықты.
Өнер жақұты осыдан 22 жыл бұрын ұрланып кеткен екен. Оны сол галереяның ауласын күтетін бағбан тауып алған: "Бірінші мен мұны қоқыс салынған пакет екен деп ойладым. Кейін галерея басшылығын хабардар еттім ", – дейді ол.
Ұжым 1997 жылы ақпанда ұрланған құнды туындының қорда қайта пайда болғанына қуанышты. Сарапшылар оны 60 миллион евроға бағалап отыр.