- Негізгі бет
- Сурет
- Қазақты әлемге танытқан...
Қазақты әлемге танытқан суреттер
Қарапайым қазақтар мен Қазақстанның қарапайым мекендері де елімізді әлемге танымал етуде. Nur.kz порталы соңғы жылдары қазақтарды шетелдіктерге танытқан үздік фотолар тізбегін назарларыңызға ұсынады.
Әлемнің үздік 20 фотосына енген қазақ тойының фотосы
БАТЫС МОҢҒОЛИЯНЫҢ АЛТАЙ ТАУЫНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚ ТОЙЫ. ФОТО АВТОРЫ — ТИМ АЛЕН.
Саяхатшы фотографтар түсірген жылдың үздік 20 фотосын шетелдік БАҚ жария етті. Олардың арасында қазақ тойынан фото бар. 2015 жылдың жеңімпаздары әлемнің түкпір-түкпірінен көздің жауын алар фотоларды назарға салды.
Бұл фотолар Лондондағы Museum of Docklands мұражайына қойылған.
Қазақ малшыларының фотосы
400 мың қойын жайып жүрген қазақ малшысының фотосы шетелдік сайттарда жиі жарияланды.
«Қытайдың батысында қазақ малшылар жыл сайын көктемгі жайылымға 400 мың қойын айдап, 300 шақырым жерді жүріп өтеді», — деп жазған фото авторы қазақтардың фотосын назарға ұсынып.
Райан Белл (Ryan Bell) есімді америкалық фотограф та қазақ малшыларының фотосын Nationalgeographic-ке жария еткен. Ол қазақтарға сапарынан алған әсерімен «Жылқыларды құрметтеп, жейтін Қазақстан» атты мақаласында бөліскен.
Фото авторы: RYAN BELL. Қазақ малшысы
Белл қазақтардың аттарды қатты құрметтей тұра жейтініне таңырқаған.
National Geographic-тің арқасында танымал болған алматылық кондуктор
National Geographic әлемдік ғылыми-танымдық журналдың ресми Instagram-аккаунтында қазақстандықтарды даурықтырған №25 алматылық автобустың фотосы жарияланған болатын.
Күнделікті бір сарынмен жұмысқа шыққан Есенбеков шетелдік фотограф Шоул Шварцтың объективіне түсетінін білмеген. Фото 15 миллион тұрақты жазылушысы бар National Geographic Instagram-аккаунтінде жарияланды. Бар қызық содан басталды.
«Интернеттегі фотомды қарындасым көріп, маған айтты. Әрине, бұл қызық жағдай болды, не дерімді де білмей тұрмын. Маған енді барлығы қоңырау шалып, cмс жазып, фотоны көргендерін айтуда. Ал мен болсам шыны керек, мені түсіріп алған сәтті байқамаппын», — деді Есенбеков.
Ресейлік фотографтың назарына іліккен Қазақстандағы қаңырап жатқан шаттлдар
Ресейлік фотограф Ральф Майребс Қазақстан аймағынан ғарыш шаттлдары бар қаңыраған зымыран тұрағын тапты деп жазды шетелдік gizmodo.com сайты.
Шаттл — North American Rockwell компаниясымен 1971 жылдан бастап шығарлыған америкалық ғарыш кемелері. Le Figaro-ның мәліметіне сәйкес, шатллдардың ғарыштық жобасы КСРО кезінде 1974 жылдан 1993 жылға дейін жұмыс істеп келген. Қаңыраған зымыран тұрағы Байқоңыр аймағында орналасқан.
Канадалық фотографты таң қалдырған Қазақстандағы аялдамалар
Алматы
Канадалық фотограф Кристофер Хервиг (Christopher Herwig) Қазақстандағы аялдамаларға таң қалды. Ол кеңестік кезеңде салынған аялдамаларға қатысты өз альбомын жария етпек.
Альбомда әлемнің 14 елін аралап, аялдамаларын түсірген 159 фото бар. 30 мың шақырымды аралаған фотограф Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия, Белоруссия, Литва, Латвия және Эстония елдерінің аялдамаларына назар аударған.
Астана
«Маған әр аялдаманың өз ерекшелігі бар болып көрінді. Бұл кеңес одағы кезінде де адамдар өнердің аясын кеңітіп, туындылар жасауға талпынғанын байқатады», — дейді фотограф.
Моңғолия қазақтарын түсірген шетелдік режиссердің фильмі мен фотолары
Батыс Моңғолияда тұратын қазақтардың өмірін қысқа метражды фильм етіп түсірген танымал шетелдік режиссер Брэндон Ли қазақ халқының мықтылығына тәнті болған.
ФОТО: THE PLUS
«Моңғолия көшпенділері» деп аталатын фильмде басты рөлдерді қазақтар сомдайды. Көшпенді халықтың қызық өмірін баяндайтын бұл фильм шетелде күн санап танымал болуда.
Өзге ел өкілдері қазақтардың өмірін баяндаған фильмге жоғары бағасын беріп, жарыса мақтауда.
«Жобаны бастамас бұрын мен продюсерім Анслейден фильм түсіргенге әлемдегі ең керемет дүниені тауып беруін өтіндім. Ол маған бүркітпен аң аулаушы қазақтар туралы ақпарат жинап әкелді. Мен бұған бірден тәнті болдым», — дейді Брэндон Ли.
Брэндон көшпенді қазақтармен бірге бір ай бойы тұрып, көшпенділердің қиын әрі қызықты өмірінің куәсі болған.
Британ мұражайына қойылған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі
Британ мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына салды. Олардың ішінде шебер жасалған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі шетелдіктерді қатты таңырқатқан.
1900 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ МӘСІСІ
«Қазақстанның Балқаш көлі маңында жасалған 1900-ші жылғы мәсі. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді. Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер 1800 жылдан бастап осы өңірлерде адам таңғаларлық техника мен материалдардың бай үлгілерін қолдана отырып, туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады», — деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.
@. @assel_assanova