Онтарио көркем галереясы ReBlink аталатын жаңа телефон қосымшасын ұсынды. Бұл қосымша мұражай картиналарын "тірілтетін" ерекше қасиетке ие. Торонтолық суретші жігіттің мұны ойлап табуына себеп болған – галереялар мен мұражайларда фото және видеотүсірілім жасауға рұқсат берілмеуі. Алекс Мейхьюдің қиялынан туындаған арт-магия адамды шынайы өмірден алыстатып, шедеврлер әлеміне енгізіп жібереді.
Қосымшаның қалай жұмыс істейтінін көру үшін картинаның алдына барып телефонды оған бағыттаудың өзі жетіп жатыр. ReBlink пайдаланған адам классикалық туындылардың модернизацияланған нұсқаларын көре алады. Мысалы, орта ғасыр кейіпкерлері жаңа заман өнімдерін пайдаланып отырғанын тамашалауға болады.