- Негізгі бет
- Сурет
- Картиналары қымбат бағаланатын...
Картиналары қымбат бағаланатын әйел суретшілер
Картиналары қымбат бағаланатын суретшілер рейтингін, әрине, ер адамдар бастайды. Олар өздеріңізге аты жақсы таныс: Герхард Рихтер, Аниш Капур, Джефф Кунс. Ал, әйел суретшілердің еңбегі ер адамдардың туындыларының деңгейінде бағаланбаса да, айтарлықтай дәрежеге қол жекізген суретші арулар да жоқ емес. Ендеше, таныс болыңыздар.
1. Яёй Кусама
Кусама ханымның есімін естіген кезде көпшілік көзіне асбұршақ принтті сурет елестейді. Өйткені, бұл принт тек оның инсталляциясын ғана емес, сонымен қатар, танымал Louis Vuitton сән үйі ғимаратындағы авторлық қабырғасын да безендіріп тұр. Бұл сурет автордың санасында алғаш пайда болған галлюцинацияларымен тығыз байланысты. Мұндай ерекше жағдай суретшінің 10 жасында орын алған. Анасының тарапынан қорлық көрген Яёй қорқынышынан өнер арқылы арылуға тырысқан. «Менің тундыларым — психикалық ауытқулардың нәтижесі».
50-ші жылдары 27 жасқа толған шағында Кусама Нью-Йорк қаласына көшіп барады. Арт ортаға енген өнер адамы 60-шы орын алған мәдени төңкерістің ортасында болды. Қазір 87 жастағы суретшінің туындыларына деген сұраныспен қатар, оның бағасы да да артып келеді. Автор шығармашылығында «Ақ №28» атты туындысы Christie's бәссауда үйінде $7,3 млн. ақшаға сатылған.
2. Синди Шерман
Синди Шерманның фотосуреттері — заманауи өнердегі ең көп сұранысқа ие туындылар. Ол еңбек жолын көркемсуреттен бастағанмен, кейін фотосуретке ауысып кетті. Өзінің алғашқы «Атаусыз фильм кадрлары» (1977–1980) аталатын топтамасында Моника Витти, Барбара Бел Геддес, Софи Лорен сынды атрисалардың маскасының артына тығылу арқылы автопортреттер жасаған. Сондай-ақ, осы топтамада қоғамның түрлі қабатының өкілдері де бейнеленген. Белгілі бір образдарды салу және кадрдің арнайы қойылым ретінде жасалуы Шерманның өзіндік стиліне айналды.
Екі жыл бұрын өткен бәссаудада Шерманның «Атаусыз фильм кадрлары» (1977–1980) атты сериясы $6,7 млн. қаржыға сатылды.
3. Марлен Дюма
Марлен Дюма бірнеше жыл бойы ең қымбат бағаланатын әйел суретші ретінде танымал болып келді. 2008 жылы оның «Келуші» атты картинасы Sotheby's бәссауда үйінде $6,3 млн. қаржыға сатылды. Оңтүстік африкалық ару 1976 жылы Амстердамға көшкен кезінен басталды. 80-ші жылдары оның алғашқы көрмелері ұйымдастырылды. 1995 жылы Венециялық биенналеге Нидерланд елінің атынан қатысуға мүмкіндік алды.
Дюма газетке басылған және полароидты фотосуреттерден портреттер құрастыруы арқылы танымал. Ол жасаған портреттер ішінде Наоми Кэмпбелл, Олимпия Эдуарда Мане, Мэй Уэст сынды танымал тұлғалардың суреттері де бар. Дюманың суреттерін көбіне өткен ғасырдың басындағы импрессионистер бағытына жатқызады. Оның туындылары дін, нәсілдік теңсіздік, зорлық-зомбылық секілді мәселелерді қозғайды.
А. Оралқызы