Парижде Christie's бәссаудасында 13 жастағы Вольфганг Амадей Моцарттың портреті 4 миллион еуроға сатылды.
Портрет 1770 жылы Венециядағы Петр Лужатидің бұйрығымен салынған. Атақты Christies бәссауда үйінің Париждегі филиалының директоры Астрид Сентнердің айтуынша, портреттің авторы белгісіз.
Портрет 1788 жылға дейін Лужатиде сақталып, кейіннен Верона филармониясының академиясына берілген. Портреттің бастапқы құны 800 000 еуроға бағаланған.
Айта кетейік, Волфганг Амадей Моцарт 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбургте өмірге келген. Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық музыкалық (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған.