- Негізгі бет
- Сурет
- Жан тебірентерлік тарихи...
Жан тебірентерлік тарихи суреттер
Біз әдетте көптеген тарихи суреттерге қарап әлемнің ақ және қара түсті, сондай-ақ әлемде тек соғыс пен ауру көп болған деп бағалап жатамыз. Анығында, олай емес. Олай дейтін себебіміз, әлемді ешқашан зұлымдық билей алмайды.
Ақ пен қара арпалысқан дүниеде небір бақытты сәттердің болғандығы анық. Оған мына жылы, жан тебірентерлік суреттер дәлел бола алады. Мысалы, атасынан сыйлыққа күшік алғалы тұрған баланың қуанышы, үйректерді емдеп жатқан бүлдіршін қыз және 19 ғасырдағы сондай тартымды викториандық жұптың суреті, т.б. қызықты суреттер міндетті түрде сіздің езуіңізге күлкі шақырады. Бұл суреттер әр уақытта, әр кезеңде маңызы бар, өзгермейтін дүниелердің бар екендігін есімізге салатындай...
Бақытқа жетуге сәл қалды, 1955 жыл
Викториандық жұп суретке түсу сәтінде күліп жіберді, 1890 жыл
Теңіз әскері панасыз мысыққа қамқорлық көрсетті
Австриялық балақайдың Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде су жаңа аяқ киім алғандағы бақытты сәті
Ең жақын достар
Кішкентай бүлдіршін итіне аспапта ойнап берді
Біреуі сүт ішіп, екіншісі кезегін күтіп тұр, 1954 жыл
Гарольд Виттльз өмірінде алғаш рет дыбысты естіді, 1974 жыл
Үйректерді терапияда қолдану, 1956
Француздық бүлдіршін және оның мысығы, 1959 жыл
Ж. Жұмағұлов