Прадо мұражайы WWF қорымен бірлесе отырып жаңа жобаны жүзеге асырды. Нақтырақ айтсақ, мұражай қорындағы ұлы шеберлер туындыларына өзгерістер енгізілді. Мұндай шара арқылы жаһандық жылыну салдарын көрсету көзделген.
Әлеуметтік кампанияда ғаламшардағы орташа температура артқан жағдайда Диего Веласкес, Франсиско Гойя, Иоахим Патинир мен Хоакиа Соролья сынды шеберлер атақты туындыларында қандай көріністі бейнелеуі мүмкін екені көрсетіледі.
Ерекше арт тәжірибенің нәтижесін бізбен бірге тамашалап көріңіз. Жоғарыда көрсетілген сурет – Диего Веласкестің "Филипп IV ат үстінде" атты картинаның өзгертілген түрі, ал түпнұсқасы мынадай:
Хоакин Соролья "Жағалаудағы балалар"
Франсиско Гойя "Зонт"
Иоахим Патинир "Стикстен жүзіп өткен Харон"