Грекияда 9 жыл бұрын ұрланған Пикассоның суреті табылды

Грекияда 9 жыл бұрын ұрланған Пикассоның суреті табылды

Грекияда тоғыз жыл бұрын Афины ұлттық галереясын тонау кезінде ұрланған испан суретшісі Пабло Пикассоның суреттері табылды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Афина полициясы Пикассоның ұрланған екі суретін тапқанын мәлімдеді. Оның бірі 1905 жылы салынған "Жел диірмені" екіншісі 1939 жылы салынған "Әйел басы" суреті. Қылмыскерлер 2012 жылы  үш картинаны ұрлаған.

Агенттіктің хабарлауынша, сурет Афина қаласының 49 жастағы тұрғынынан табылған. Грекия құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, шабуылдаушы майлы кенепті шетелге алып кетіп, қара базарда сатпақ болған.

Пикассоның "Әйелдің басы" суретін автордың өзі  кубистік стильдегі қолтаңбасымен ұлттық галереяға 1949 жылы сыйға тартқан. Бұл сурет елдің фашистік Германияға қарсылығын бейнелейді.

Ал үшінші картина Пит Мондрианға тиесілі болған. Бірақ ұрылар қашып бара жатқанда оны тастап кеткен.

Т. Раушанұлы