- Негізгі бет
- Сурет
- Ғалымдар картинаны фотографияға...
Ғалымдар картинаны фотографияға айналдыратын алгоритм ойлап тапты
Жақында ғана Smartify аталатын өнер туындыларын анықтауға көмектесетін қосымша пайда болған еді. Қосымшаның авторы Танос Коккиниотистің айтуынша, қолданушылар қосымшаны картинаға жақындату арқылы сол өнер туындысы туралы толық ақпарат алады және өздерінің электронды галереясын жинақтауға мүмкіндіктері бар. Амстердамдық Рейксмузеум, лондондық Уоллес топтамасы, сондай-ақ, париждік Лувр мен Нью-Йорктің Метрополитен мұражайларында сақтаулы тұрған картиналарды анықтайтын қосымша шығысымен өнерсүйер қауымды қуантатын тағы бір жаңалық пайда болды.
Берклидегі Калифорния университеті ғалымдары картинаны фотографияға айналдыратын алгоритм ойлап тапты. Бұл бағдарлама көркемдік стильдерді анықтап, картинаны өзге форматқа ауыстыра алады. Оның жұмыс істеу принципі Prisma қосымшасын еске салады. Тек керісінше.
Бейнелеу өнеріне қызығушылық танытатын жандар суретші туындылары шын өмірде қандай болар еді деген ойға келетіні анық. Бұл сұраққа да жауап табылды. Бағдарлама, сондай-ақ, кері бағытта да жұмыс істейді. Мысалы, фотосуреттерді Сезанн мен Ван Гог стиліндегі картинаға да айналдырады. Тағы бір қызығы, аталған бағдарлама жазғы пейзажды қысқыға, алманы апельсинге, жылқыны зебраға трансформациялай алады.
А. Оралқызы