Фотоға түсіру шеберлігіңізді бірер минутта шыңдап, қымбат құрылғысыз-ақ қажетті кадр мен арнайы эффектілерді жасауға болады.
Пластикалық пакеттен жасалған софтбокс
Жұмсақ әрі шашыраңқы жарық алу үшін қарапайым целлофаннан жасалған ақ пакет жеткілікті. Ішін ауаға толтырып, қажетті пішінге келтірсеңіз болғаны.
Орамалдан жасалған слайдер
Егер штативке арналған слайдер жаныңызда жоқ болса қам жемеңіз. Үстелдің үстіне орамалды жайып жіберіп, камераңызды ыңғайлы орналастырыңыз.
Компакт-дисктен блик эффектісін алу
Суретті өңдеу кезінде бликті сүзгішін қойып уақыт жоғалтқанша бірден түсірген жақсы. Бұл үшін объективтің астынғы жағына компакт-дискті орнатып, күн сәулесін түсіріңіз.