Бағасы қымбат фотосуреттер көбіне таңданыс тудырып жатады. Олардың кейбіреуін арнайы көрмеде қарамаса, жұмыстың нәрін сезінбей қалуыңыз мүмкін дейді тәжірибелі фотографтар. Сол себепті олардың бағасы қымбат болады екен. Бірақ суретшілердің дәрежесі де суреттің құнына әсер етеді. Ендеше назарыңызға ең қымбат 5 фотосурет ұсынамыз.
1. «Фантом» (2014) — $6,5 млн.
Австралиялық фотограф Питер Лик бұған дейінгі рекордтардың бәрін артта қалдырды. Оның "Фантом" атты фотосуретін белгісіз бір коллекционер (атын көрсетуді қаламаған) 6,5 млн долларға сатып алған екен.
"Менің фотосуреттерімнің мақсаты – табиғаттың тылсым күшін қағып алып, суретке түсіру", – дейді Лик. "Фантом" – "Елес" атты суреттің ақ-қара нұсқасы. Онда Аризона штатындағы Антилопа каньоның үңгірі түсірілген. Ал "елестің" символикалық кейпі – Күн сәулесінде айналып жатқан шаң.
2. «Рейн II» (1999) — $4,3 млн.Неміс фотографы Андреас Гурски өзінің кеңформатты суреттерімен танымал. 1999 жылы ол Рейн өзенін алты рет түсіреді. Соның ішінде суреті ең көлемдісі әрі танымалы "Рейн II" суреті еді. "Бұл мен үшін өмір мәнінің аллегориялық келбеті", – деп түсіндіреді автор. Ол жазық ландшафт әсерін беру үшін суреттегі зауытты, жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді алып тастаған екен. Нәтижесінде суреттің ені мен ұзындығы 1,9 х 3,6 метр болған. Фотосурет 2011 жылы "Кристис" аукционында 4,3 млн доллара сатылған. Сурет иесінің аты сол күйі белгісіз күйінде қалды.
3. «Өлі солдаттар әңгімесі» (1992) — $3,6 млн.Сурет тақырыбы кеңес әскерінің Ауғанстандағы қырғынына арналған. Алайда фотограф Джефф Уолл соғыста болмаған. Ол суретті студияда арнайы декорацияда натуалармен түсірген. "Өлі солдаттар әңгімесі – ауған соғысына деген көзқарас емес, Мен тек өлі солдаттардың бір-бірімен әңгімелесіп жатқан образын түсіргім келді", – дейді автор. Суреттің декорацияда актерлермен түсірілгеніне қарамастан "Өлі солдаттар әңгімесі" 2012 жылы "Кристис" аукционында 3,6 млн АҚШ долларына сатылып кеткен.
4. «99 цент. Диптих» (2001) — $3,3 млн.Андреас Гурскидің тағы бір суреті, нақтырақ айтқанда екі суреті (диптих аталуы сондықтан), ең қымбат фотосуреттер рейтингіне еніп отыр. Оның екі суреті тауардың бәрі 99 цент тұратын дүкенде түсірілген. Автор айтуынша, ұзын-сонар қатарлар қазіргі тұтынушылардың шексіз қажетін көрсетеді екен. 2,07 х 3,37 метр болатын фотосурет 2007 жылы 3,3 млн АҚШ долларына сатылған.
5. «Ай сәулесіндегі көл» (1904) — $2,9 млн.Ескі суреттердің қымбат болуы – заңдылық. Ал түрлі-түсті етіп түсірілгендері аса қымбат саналады. Мысалы 1904 жылы көл, орман, Ай сәулесін түсіріп алған Эдвард Стайхеннің фотосуреті 2006 жылы "Сотбис" аукционында 2,9 млн АҚШ долларына сатылды.