Ұлыбритания CIWEM қайырымдылық қоры экология тақырыбында фото байқау өткізіп, алты номинация тағайындады.
Экология тақырыбындағы жыл фотографы
С.Л.Шант Кумар "Үйге толқын кіреді"
Фото Индияның Мумбай қаласында болған топан су кезінде түсірілген. Суретте қатты тасқында үйі суға батып кеткен 40 жастағы балықшы бейнесі бар. Мумбай қаласының тұрғындары климат өзгеруі әсерінен әр жаз сайын су тасқынының зардабын тартады.
Табиғат өзгеруі тақырыбындағы үздік фотоШон Галлахер, "Қатты толқын астындағы Тувалу"
Тынық мұхитындағы топырақ эрозиясы бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселе. Теңіздің көтерілуі мен жылынуы Тувалуды жер бетінен жойып жіберуі де мүмкін.
Қалалардың тұрақты дамуы тақырыбына арналған фотоЭлиуд Гил Саманьего, "Лас жаңа жыл"
Фотода Мексиканың Мехикалы қаласы бейнеленген. Сурет 2018 жылы 1 қаңтарда түсірілген. Мерекеде атылған от шашудан қаланы қою түтін басқан.
Су, теңдік және тұрақты даму тақырыбыФредерик Дхарши Виссах, "Су жетіспеушілігі"
Африкалық бала лас шалшықтан су ішіп жатыр. Айналадағы ормандарды жойып жібергендіктен басқа ауыз суы жоқ.
Энергетика және климат тақырыбы
Джей Генри Фэйр, "Ағаштар қалдығы"
Германияның батысында орналасқан Хамбах орманы қазір құс ұшатын биіктіктен осылай көрінеді. Кейінгі 40 жылда оның бастапқы аумағынан тек 10 пайызы ғана қалған. Басқа бөлігін жұмысшылар кесіп алып кеткен.
Жылдың ең жас фотографыНевилл Нгомане, "Батыл шара"
Қаскөйлер мүйізтұмсыққа зиянын тигізбеуі үшін аңшылар алдын ала оның мүйізін кесіп жатыр.
@. @assel_assanova