- Негізгі бет
- Сурет
- Экология тақырыбы бойынша...
Экология тақырыбы бойынша үздік суреттер анықталды
CIWEM ағылшын қайырымдылық компаниясының ұйымдастыруымен өткен "Экология тақырыбы бойынша үздік суреттер" байқауының нәтижелері жарияланды. Жеңімпаздар есімі Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның климат саммитінде аталды.
"Экология тақырыбы бойынша үздік сурет" жеңімпазы:
Шант Кумар, Үндістан
Үйге келген сел / High Tide Enters Home
Үндістан. Мумбаидың лашықтар орналасқан кедей шағын ауданы Бандра. Үлкен толқын лашықтарды басып, балықшыны үйсіз қалдырған. Оны күшті ағын өзімен бірге алып барады. Соңғы жылдардағы климат өзгерісі Мумбаидың жағалау маңындағы аудандарын жиі су басуына әсер етті. Жер мен теңіз бетіндегі температураның көтерілуі, су мөлшерінің артуына себеп болған.
"Қоршаған ортаның өзгеруі тақырыбы бойынша үздік сурет" жүлдегері:
Шон Галлахер,Тувалу
Ағын астындағы Тувалу / Tuvalu Beneath the Rising Tide
Суретте Тувалудың астанасы Фунафути шағын мүйісінен соққан толқыннан құлаған ағаштар бейнеленген. Тұнық мұхитының оңтүстік жағалауында орналасқан аймақтарда табиғи апаттар жиі орын алады, бірақ, теңіз деңгейінің артуы бұл апаттардың күшеюіне әкелді.
"Қала экологиясы" номинациясы бойынша жүлдегер:
Элиуд Гил Саманиего, Мексика
Ластанған Жаңа жыл / Polluted New Year
Мексика қаласы Мехикали 2018 жылдың 1-қаңтарында георграфиялық орналасу аймағы бойынша өндіріс пен көліктер кесіренен әлемдегі ең лас қала атанған.
"Су, теңдік пен экология" номинациясы бойынша жүлдегер:
Дарши Весса, Кения
Су жетіспеушілігі / Water Scarcity
Ормандардың жойылуынан туған судың жетіспеушілігі халықты еріксіз лас суды ішуге мәжбүрлейді. Бұл лас су аймақта тырысқақ дерті және дизентерия секілді жұқпалы аурулардың өршу қаупін арттырады.
"Климат және энергетика" номинациясы бойынша жүлдегер:
Джей Генри Фэйр, Германия
Орман қалдығы / Remains of the Forest
Германиядағы Хамбахер нулы орманы бір кездері Манхэттеннің ауданымен бірдей болатын. Бүгінде астындағы көмірді өндіру үшін энергетика компаниясының қол астына өткен орманнан тек 10% ғана қалған.
"Экология тақырыбын көтерген жас фотограф" атанған:
Невилл Нгомане, Оңтүстік Африка
Жан түршігерлік шаралар / Desperate Measures
Лимпопо аймағын мекендейтін мүйізтұмсықтың мүйізін қаскөй аңшылардан аман алып қалу үшін кесу үстінде. Өйткені, Африка және Азия мемлекеттерінің тұрғындары мүйізтұмсықтың мүйізін халық медицинасына пайдалы санайды. Сол себепті, мүйізін сататын браконьерлер тобы жануарды еш аяусыз өлтіреді.
Себнем Коскун, Түркия
Қоқыс себеті / Trash
Бұл фотографтың жұмысында Босфор бұғазын қоқыстан тазартып жүрген сүңгуірлер бейнеленген.
Амдад Хоссейн, Бангладеш
Ұйқы/ Sleep Fatigue
Өзен жағасындағы үйілген қоқыс үстінде ұйықтап жатқан әйел бейнесі Бангладеш фотографының көзіне түскен.
Арагон Ренунсио, Буркина-фасо
Пластик мансап / The Plastic Quarry
Суретте кішкентай бала полиэтиленнен жасалған пакетпен ойнап жүр. Статистикалық мәлімет бойынша, жыл сайын әлемде 380 миллион тонна пластик өндіріледі. 1950-2015 жылдар аралығында өндіріс көлемі 2,3 миллион тоннадан 448 миллион тоннаға дейін өскен. Ал, күн сайын 8 миллион пластик қалдығы мұхитқа түседі.
Ян Уэйд, Ұлыбритания
Жер өкпелері / Lungs of the Earth
Фотографке бұл суретті түсіру үшін бес түн керек болған.
Арагон Ренунсио, Буркина-фасо
Тәтті түстер / Sweet Dreams
Жаһандық жылынудың кесіренен соңғы 35 жылда Сахельде нөсер жаңбырдың жиі жаууына алып келген. Сондай күндердің бірінде далаға шығудан жасқанған кішкентай қыз сынып парталарында ұйықтауды жөн санаған.
Тран Туан Вьет, Вьетнам
Тор тігу / Sewing Net
Балық аулау арқылы күнін көретін Вьетнамдықтар соңғы жылдары ұсақкөзді торды қолдануға көшкен. Бұл балық санының азаюына, кей түрлерінің жойылуына алып келеді.
Юсуф Тушара, Бангладеш
Күнделікті тірлік / Daily Labour
Жыл сайын елдің астанасы Даккаға жұмыс іздеп мыңдаған адам келеді. Олардың басым бөлігі көмір тасып күн көреді.
Валери Леонард, Непал
Елеусіз / Invisible
Катмандуға жақын орналасқан қоқыс аймағында жарамды нәрсе іздеп жүрген қоқыс жинаушылар. Олар қолына түскен нәрсені сатып, күнделікті жейтін нанын табады.
Т. Есқали