Румын фотографы Михаела Норок (Mihaela Noroc) 2013 жылы тұрақты жұмысынан кетіп, жаңа өмір бастады. Фотоаппаратын алып, әлем шарлады, түрлі ұлт өкілдерінің, әсіресе, нәзік жандылардың портреттерін жасады.
Фотожоба «Сұлулық атласы» (The Atlas of Beauty) деп аталады. Оның мәні әйелдер портреті арқылы Жер шарының алуан қырын көрсету. Михаела автостоппен 37 ел аралап, қоғамның түрлі тармақтарымен бірге өмір сүрді.
Сән тенденциясы қазіргі таңда қыздарды бір-біріне ұқсап бағуға итермелейді. Ал, олар әркім өзінше әдемі болатынын ұғына бермейді. «Сұлулықты барлық адамнан көруге болады, - дейді Михаела. Ол өз туындылары арқылы әйел затына тән жылулық пен тыныштықты көрсетуге тырысқан. «Адамзат өзінікінен өзге де мәдениеттерді терең білуге тырысу керек, ал сұлулық оларды төзімділікке баулуы тиіс», - дейді фотограф.