- Негізгі бет
- Сурет
- Астанада Дюрер, Пикассо,...
Астанада Дюрер, Пикассо, Дали туындылары көрмесі ашылады
17 қаңтар күні Астанада Pygmalion арт-галереясы ұйымдастыруымен әлемнің үздік қылқалам шеберлері туындылары көрмесі ашылады.
Ұлттық Мұражайға Альбрехт Дюрер, Марк Шагал, Жоан Миро, Пьер Огюст Ренуар, Пабло Пикассо, Сальвадор Далимен қоса, Әбілхан Қастеев, Орал Тансықбаев, Жанатай Шарденов, Шаймардан Сариев, Саха Романов, Тасболат Тоғызбаев, Алексей Степанов, Евгений Сидоркин сынды суретшілер картиналары қойылады.
Көрме кураторы қызметін Ольга Батурина мен Евфрат Мамбеков есімді өнертанушылар атқарған. Коллекция әртүрлі дәуір мен елде жазылған шығармаларды біріктіргендіктен, жүздеген жылдар бұрын өмір сүрген суретшілер мен қазіргі адамдар арасындағы байланысты сезуге итермелейді. Адамзат мұрасының осындай рухани туыстығы, әсіресе, ұлттық призма арқылы анық көрінеді.
А. Оралқызы