- Негізгі бет
- Сурет
- "Арманымдағы Қазақстан" жобасында...
"Арманымдағы Қазақстан" жобасында үздік туындыға дауыс беру жалғасып жатыр
"Арманымдағы Қазақстан" байқауына "Интернет таңдауы" аталымы бойынша үздік жұмысқа онлайн дауыс беру жалғасып жатыр. "Бейнелеу өнері" санаты бойынша 200-ден астам жұмыс түскен. Өз жұмыстарында суретшілердің өз Отанын 20, 50 және 100 жылдан кейін қалай елестететінін көрсетеді.
Жұмыстар екі санат бойынша қабылданады - цифрлық және бейнелеу өнері. Жеңімпаздарды ақшалай марапаттар күтеді: бірінші орын - 300 мың теңге, екінші орын - 200 мың теңге және үшінші орын - 100 мың теңге.
"Интернет таңдауы" бойынша онлайн дауыс беру 13 тамызға дейін жалғасады. Байқауға artdream.kz порталында жарияланған жұмыстар қатысады. Онлайн дауыс берудің жеңімпазы бөлек сыйлық алады.
Ең үздік жұмыстарға мына жерде дауыс беруге болады. Ол үшін ұнаған суретіңізді таңдап, сол жақ беттегі "жүрекшені" басу керек. Дауыс беру үшін Facebook, "ВКонтакте", Twitter немесе "Одноклассники" желілерінде аккаунт болу керек. "Арманымдағы Қазақстан" жобасының жеңімпаздары 15 тамызда анықталады.
Айта кетейік, жобаға жас бүлдіршіндердің де жұмысы түскен. Байқауға шарты бойынша 18 жастан асқандар қатысуы керек. Алайда ұйымдастырушылар бірнеше жас бүлдіршіннің жұмысын қабылдауға шешім қабылдаған. Солардың бірі "Отголосок неизведанного" жұмысын ұсынған Павлодар қаласының тұрғыны Людмила Лопатина.
"Отголосок неизведанного", Людмила Лопатина. ©Арманымдағы Қазақстан
Өзінің арманындағы елін Сон София бейнелеген екен.
"Страна моей мечты", София Сон. ©Арманымдағы Қазақстан
"Арманымдағы Қазақстан" байқауының қатысушылары өз жұмыстарын жасауда мүлдем басқа тәсілдер қолданып, абстрак суреттерден бастап, болашақтың егжей-тегжейлі көріністеріне баса назар аударған. Сондай жұмыстардың бірі - Елдар Қоңырбаевтың "Қазақша күрес" деген атау алған 2319 жылғы ұлттық спорт бейнесі.
"Қазақша күрес 2319", Қоңырбаев Елдар. ©Арманымдағы Қазақстан
Ал Данияр Қдыров болашақ Нұр-Сұлтан қаласының көктемін бейнелеген. Оның суретіндегі басты орынды балалар образы алған.
"Весна в Нур-Султане", Қдыров Данияр. ©Арманымдағы Қазақстан
Ерлік Жарылғапов та болашақтағы адамдарға баса назар аударған. Оның суретіне қарап адамдар болашақта да домбыра мен шай ішу дәстүрін дәріптейтінін байқауға болады.
"Казахстан 2050. Центр Азии", Жарылғапов Ерлік ©Арманымдағы Қазақстан
Alash Media Group холдингінің бұл мәдени футуристік жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты адамдарды жинады. Мақсаты - қазақ қоғамының сан қырлы әрі прогрессив екенін көрсету.
Әрбір жарияланған жұмысқа автор 20 мың теңге көлемінде ынталандыру қаражатын алады. Байқаудың жалпы жүлдеқоры - 1,2 миллион теңге. Жоба серіктесі - ERG компанясы.
Жоба қорытындысы бойынша ең үздік жобалар ERG компаниясының кәсіпорындары жұмыс істейтін елдердің көрмесінде көпшілікке ұсынылады.
Massaget