Адамның тың ойлағаны жаңа бір дүниенің ашылуына себепші болып жатады. Соның бірі египеттік иллюстратор және графикалық дизайнер Махмұд Таммам ашқан жаңалық. Ол араб қаріпімен жазылған сөздерді жан-жануарларға, өсімдіктер мен үйлерге айналдыра біледі. Таммамның тағы бір таңғаларлық жағдайы сөздердің мағынасына қарай суреттер де бейнеленген. Әрқашан қызықты әрі ой саларлық дүниелерді назарынан тыс қалдырмайтын иллюстратордың бұл жолғы дүниесі көпті бірден өзіне баурап алды. Сонымен, египеттік жігіттің еңбегіне үңіліп көріңіздер.