"Адамзат саяхаты" ("The journey of humanity") деп аталатын әлемдегі ең үлкен картина Дубайда өткен аукционда 62 миллион долларға сатылды.
Ұлыбританиялық суретші Саша Джафри салған суреттің көлемі 1500 шаршы метрден асады – бұл екі футбол алаңына тең. Суретші осы картинаға 7 ай, 20 сағат уақыт жұмсағанын айтты.
Суретші ақшаны балаларға көмектесетін қайырымдылық қорларына аударады.
"Біз 200 миллионнан астам баланың өмірін сақтап, қоршаған әлемді өзгертуге мүмкіндік береміз деп үміттенеміз. Біз әлемдегі барлық балаларды, тіпті кедей елдерде де интернет арқылы білім алатындай етіп тәрбиелегіміз келеді", - дейді Джафри.
Картинаны криптовалюта компаниясын басқаратын француз Андре Абдун сатып алды. Ол суретшінің балаларға деген адалдығы мен ниеті әсер еткенін айтты. Сатып алушының айтуынша, егер жұмсалған 62 миллион доллар "кем дегенде бір баланы күлімсірете алса", онда жұмсалған қаржы бекер емес деп санайды.
Сурет 70 бөлімнен тұрады. Бастапқыда оны бөлшектеп 30 миллион долларға сату жоспарланған болатын.
"Адамзат саяхаты" картинасы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Джафри кескіндемені өткен жылдың қыркүйек айында аяқтаған. Картинаны суретші интернет арқылы әлемнің 140 елінен жіберілген өнер туындылары негізінде салған.