Әлемдегі ең суық аймақты білесіз бе? Жаңа Зеландиялық фотограф Амос Чаппли Якутскке саяхат жасады. Ол Оймякон аймағына барып келген еді.
Оймякон ауылы теңіз деңгейінен 745 метр биіктікте орналасқан. Ол аңғардың ең басты белгісі – адамдарға өмір сүру қиын, ауа температурасы өте төмен болуы. Аталған аймақта жалпы саны 500-ге тарта адам тіршілік етеді.
Жаңа Зеландиялық фотограф суретке түсіруге алғаш шыққанда ауа температурасы – 47° С аяз болған.
Автобус аялдамасында.
Якутск студенті.
"Сүйектер жолы" – Оймякон ауылына апаратын негізгі жол.
Бұл ескерткіш Оймякон тарихында − 71,2º С суық болғанын баяндап тұр.
Үйлер жазға дейін осындай кейіпте болады.
Қатты аяздан тұмсығына қырау қатқан ит.
Көпшілік әжетханалар аулада орналасқандықтан кәріз жүйесі құбырын қатты аяздан қорғау мүмкін емес.
Сиырлар түнде мынадай сарайда түнейді.
Бұл жерде өсетін өсімдіктер өте аз. Сол себепті басты тағам – ет.
52 жастағы Александр Платонов – зейнеттегі ұстаз.
Жергілікті мектеп ауа температурасы тек − 52º С болғанда ғана жабылады.
Мынау ауылдағы жалғыз дүкен.
Көліктер тек жылу жүйесі орнатылған гараждарда тұрады. Сыртта қалған жағдайда су қатып, жүрмей қалады.
Иә, әлемде талай қызық бар. Мұндай суық аймақта да адамдар өмір сүріп жатқан адамдарға қарап еріксіз таң қаласыз...