Әлемді өзгерткен суреттер

Әлемді өзгерткен суреттер
Фото: freepik.com

Жыл сайын "Үздік фотограф" не "Үздік фото" суреттер жүлдесі ұйымдастырылып тұрады. Бірақ, әлемді таңқалдырған және тарихтың бейнесін ашатын суреттер аз кездеседі. 2016 жылы "Time" басылымы "Әлемді өзгерткен 100 фото" деп аталатын топтама жариялаған болатын. Ол жерде XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, біздің уақытқа дейінгі барлық фото жиналған. Олардың арасында соғыс тауқыметі де, аштық та, балалардың суреті мен террористік әрекет кезіндегі суретте бар. Тіпті, "Оскар" жүлдесіне ие болған жұлдыздардың селфиі де кездеседі. Танымал журнал бұл тізімді құру үшін барлық қорлар мен музейлерді аралап, жинақтауға үш жыл уақытын жұмсаған. Ішінде оқырмандар арасында көзге түсіп, көңілде сақталып, жүрекке мұң ұялатқан суреттер де бар. Бірі тіпті еріксіз күлкі үйіреді. Бүгін ең ерекше деген 3 суретті ұсынамыз.

Казнь в Сайгоне | Сайгондағы жазалау сәті
1968
Фотограф: Эдвард Томас "Эдди" Адамс

Әйгілі суретті Адамс 1968 жылдың 1-ақпанында түсірген. Бұл күні ол Сайгон қаласында Солтүстік Вьетнамның тыңшыларын ұстап, жазалау барысына куә болған. 

Адамс қаланың қытайлар орналасқан аймағына аттанады. Оның көзіне бірден екі теңіз әскері көзге тсүеді. Олар ала жейде мен қара қысқа балақ шалбар киген. Адамс, оларды сырттай бақылаған. Олардың генерал Нгуен Нгок Лоанге қолына кісен салынғандардың бірі полицей мен оның отбасын өлтіргенін айтады. Ешнәрсе деместен, Лоан револьверді шығарып, оң қолын тұтқынның басына тақайды да, атып жібереді. Осы сәтте Адамс та фотоға түсіріп үлгереді. 

Эдди Адамс кейін "Таймс" басылымына берген сұхбатында: "Генерал вьетнамдықты өлтірді; ал мен өзімнің фотоаппаратыммен генералды өлтірдім. Фотография – әлемдегі ең улы қару. Адамдар оған сенеді. Бірақ, фотосуреттер кейде өтірік айтады. Тіпті адамдарға дегенін жасатады. Олар – жарты шындық", — деген болатын. Сурет авторы дәл осы суреттің оған табыс пен атақ алып келгенін қаламаған. Ол өзінің ең керемет суреті ретінде араға он бір жыл салып түсірген суретін еске алады. Адамс ол кезде коммунисттік Вьетнамнан қашқан Таиланд босқындарын түсірген. Олардың қайығын билік өз елдерінде қабылдаудан бас тартқан. Бұл суреттер Картер президенті мен АҚШ Конгрессінің босқындарына иммиграция жасауға рұқсат етуіне мүмкіндік береді.

"Мен менің суреттерімді Таиландтан қайық арқылы жеткен босқындар есте сақтаса деймін. Бұл фоторепортаж Картер президенттің ойын өзгертуге көмектесті. Менің суреттерім нағыз пайда алып келді",— дейді.

Первое фото, сделанное на телефон | Телефонға түсірілген алғашқы сурет
1997
Фотограф:Филипп Кан

1997 жылыСолтүстік Каролина тұрғыны инженер Филипп Кан перзентхананың арнайы күту бөлмесінде отырады. Аурухана бөлмелерінің бірінде оның әйелі босанып жатқан болатын. Уақытты текке өткізбеудің қамымен отырған, Кан сандық камера, телефон және ноутбукті пайдаланып революция жасауға бел буады. Ол өзінің жұмысымен тек смартфонды дамытып қана қоймай, адамдардың қарым-қатынас құралына да айтарлықтай өзгеріс енгізді.

Кан камераны телофонға тіркеп, олардың арнайы код арқылы ноутбукке жалғайды. Оның әйелі қызы Софиді босанған кезде, Филипп баланы суретке түсіріп алады. Ал, телефон оның байланыс тізіміндегі барлық адамға суретті жолдайды. Бұл тарихта телефон арқылы тараған алғашқы сурет ретінде қалады. 

Үш жылдан соң Sharp компаниясы Канның технологиясын пайдаланып, арнайы камера орнатылған телефонды жарыққа шығарады. Бірнеше жылдан соң телефон американың нарығына енеді. Жаңа технология асқан жылдамдықпен мобильді телефондардың алдыңғы өкілдерін итереді. Филипп Канның әдісін смартфон пен әлеуметтік желілерде кеңінен қолданады.

Падающий человек | Құлап бара жатқан адам 
2001
Фотограф: Ричард Дрю

Мына суреттегі адам оқ секілді. Оның мұндай азапты тағдырды таңдамағаны белгілі, бірақ, ғимарат қирандысының астында жоғалып кеткенше, жерге құлап өлгенім артық деген шешімді жөн санағандай. Суретті кері аударсаң көз алдыңа супер қаһармандардың ұшқаны елестейді. Бірақ, ол да сол кезде құлып бара жатырмын деп емес, ұшып келемін деп ойлаған да шығар. Суреттен оның қорқынышы мүлде сезілмейді. Керісінше, өзін жақсы сезінетін сияқты. Бірақ, үлкен ғимараттың жанында оның келбеті түкке тұрғысыз. Тап бір адам биіктен құмырсқаны бақылағандай. Кейбір адамдар суреттен ерік-жігер, еркіндікті байқайды. Ал, мына сурет адамға секіріп жатқан беймәлім жанның өлімді қабылдап, соның құшағына жайбарақат бара жатқанын көрсеткендей. Сурет 9 сағат, 41 минут, 15 секундта түсірілген. Сол күні ең аз дегенде, 200 адам жанып жатқан Дүниежүзілік сауда орталығынан секіруге мәжбүр болған. Америкалық теолог Марк Д. Томас суретті, "Бұл – адамның шарасыздығын сипаттайтын ең үздік иллюстрация. Бүгінгі таңда аналогы жоқ заманауи өнердің айқын көрсеткіші. Осының барлығы бір суретке сиған" — деген пікір қалдырған.

Т. Есқали