Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен «адам бейнесіндегі пілдің» мәнісі неде? Екінші сөзбен «күтуде» деп аталуына не себеп, кімді күтіп отыр, аталған өнер туындысының авторы кім, оның мақсаты не? Міне, біз бүгін аталған сұрақтарға жауап іздейміз.
Адам кейпіндегі піл – өнер туындысы. Голландиялық суретші Маргрит ван Брифорттың бұл өнер туындысы әлеуметтік желінің бір белгісіне айналып кетті. Ал шындығында аталған мүсін балалар ауруханасының алдында орналасқан, дәрігердің кезегін күтіп отырған адамдарға байланысты жасалған туынды. Мүсін пайда болысымен БАҚ жаппай жазып, оның суретін түрлі бағытта пайдалана бастады.
«Homunculus Loxodontus» деген атау алған бұл «адам кейпіндегі піл» 2016 жылдың мамыр айында Ленден қаласында, балалар ауруханасының алдында орналастырылды.
Автордың айтуынша: «ол табиғатынан сүйкімсіз болып туған және өзінің әдемі болып кететініне сеніммен қарайды, үміттенеді» дейтін мағынада келтірілген туынды. Автор аталған өнер туындысы арқылы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті оятуға шақырады. 2016 жылы бұл мүсін ең көп суретке түсірілген, танымалдыққа ие болған туынды ретінде тіркелді.
Адам кейпіндегі піл – Маргрит ван Брифорттың сатылымға шығарған екінші жұмысы.
Суреттің әлеуметтік желідегі танымал болып кетуіне екі дүние себепкер болған. Бірі орыс саяхатшысының суретті түсіруі болса, екіншісі аталған суретті ең беделді Pikabu сайтының жариялауы болды. Жұлдызы жанған автордың туындысы әлеуметтік желіде «күтуде» дейтін атау алып, мыңдаған парақшаларда мыңдаған пікір мен миллиондаған лайк жинап үлгерді.
Өзінің танымалдылығы жайында Маргрит ван Брифорт былай дейді: «Бұл шынымен күтпеген жағдай болды. «Инстаграмм» желісінде менің парақшама жазылушы орыс ұлтының санып көбейіп кетті. Тіпті өз ұлтымнан гөрі, орыс ұлтының оқырмандары менің парақшама толассыз жазыла бастаған соң, мен себебін білгім келіп БАҚ беттеріне шолу жасадым. Осы кезде барып қана мен емес, менің мүсінім мені жұлдыз қылып жатқанын түсіндім».