Гаагадағы Маурицхейс көркемөнер галереясы суретші Ян Вермеердің "Меруерт сырғалы қыз" картинасының ең детальді цифрлық кескенін жариялады. Картинаның ажыратымдылығы – 10 гигапиксель (1 гигапиксель миллиард пиксельге тең). Соның арқасында суреттің ең ұсақ деген жарықшағын да көруге болады.
Hirox Europe компаниясы суретті цифрландыруға екі жыл уақытын арнаған.
Мамандар детализациясы әртүрлі екі микроскоп қолданған. Біріншісі суретті 35 есе жақындата алады. Ал екіншісі 145 есе жақындатады (бұл картинадағы көз, ерін, сырға деген сияқты кейбір бөліктерге ғана арналған). Детальді фрагменттер 3D нұсқасы да бар.