Париждік бәссауда үйінде сатылымға алынған суреттер қатарынан аты аңызға айналған Леонардо да Винчидің бұрын соңды белгісіз болып келген картинасы табылды.
Өткен жылы наурыз айында зейнеттегі қария Tajan аталатын бәссауда үйіне бір бума сурет әкеліп өткізген. Аталмыш бәссауда үйінің қызметкері 15 сызбаның бірінде әулие Себастьянның ағашқа байланған денесі бейнеленген суретке ерекше назар аударған. Ол суреттен Леонардо да Винчидің қолтаңбасын байқайды. Қарияның айтуынша суреттер оған әкесінен қалған көрінеді. Ал, да Винчидің суреті оның әкесінің қолына қалай түскені белгісіз.
Туындының шын мәнісінде атақты да Винчиге тиесілі екені қазір ғана анықталып отыр. Оның бағасы – 15 миллион еуро. Сарапшылардың атуынша, сурет 1482-1485 жылдар аралығында салынған.