- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Туған күн, мереке,...
Туған күн, мереке, атаулы күн...
Осындай, атамай өтуге болмайтын, өміріміздегі ерекше күндерімізді қайда, қалай өткізуге болады? Ойыңыз сан саққа кетіп, ұялы телефоныңыздан көп қыдырып, көп біледі-ау деген жақындарыңызды, достарыңызды іздей бастайсыз.
Түнгі клуб, мейрамхана деген арнайы заңдылықтары бар орындардан жалыққан да шығарсыз. Қазір, бұрынғы бір күндік үй жалдап отыру деген «сәннен» қалды деп менсінбейтініңіз тағы бар. Ішінде бәрі болуы керек деген талабыңыз да жоқ емес. Емін-еркін, өзіңізді үйде жүргендей сезінгіңіз келеді... Алып шаһар Алматының қай жерінде осындай критерийлерді көтере алатын орын бар?
Мысалы? Сәтпаев пен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан Al PACINO деп аталатын жаңадан ашылған ойын-сауық үйі сіз айтқан талаптарды орындайды. Заманауи реңкі бар бұл орын көңіліңізден шығарына сенімдіміз. Өйткені, үйдің жылулығы сезіледі әрі рухани байып қайтасыз. Күндегі әлеуметтік желіден, ұялы телефоннан бас алмай отыратын жандар үшін нағыз тынығатын жер бұл.
Әр бөлмесінде өзіндік ерекшелік бар. Атақты мафия өкілдерінің суреттері ілінген бөлмеде «Мафия» ойынының түбін түсіруіңізге болады. Дәмханасында отырып, неше түрлі тәттімен тегін шай ішіп, сан алуан әдеби, танымдық кітаптар мен сөздіктер жиналған кітап сөресінен қалаған еңбекті алып оқып, рухани азықтансаңыз да болады. Теннис ойынына құмар болсаңыз, оған да мүмкіндік бар. Ең қызығы – кинозал.
Жақындарыңыздың жанында отырып, үлкен экраннан кино көріңіз. Арзан баға деген маңызды жайт тағы бар. Бәріміз де отбасымызбен, достарымызбен, ұжыммен жиірек демалғымыз-ақ келеді, әттең демалыс қалтаға қатты салмақ түсірмеген болса. Аталған орталыққа баруды кеңес берудегі басты себебіміз де осы, қысқасы, мегаполисіміздің көңіл көтеретін қалған орындарынан ерекшеленетін бағаны кешеннің сайтынан (http://alpacino.kz/) көріп, көз жеткізе аласыздар.
Массагет порталы жақында өзінің үш жылдық мерейтойын атап өткендігінен хабардарсыздар. Жоғарыда айтылған дүниелерді қорытып, неліктен мерейтойды дәл осы жерде атап өткенімізді түсінген шығарсыздар. Сондықтан да керек болып қалады деген ақпаратпен сіздермен бөлісуді жөн санадық, құрметті оқырман!
Сурет: massaget.kz
Е. Жұмабайұлы