Студенттерден өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 13 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Өтінімдер процесі толықтай автоматтандырылған, осының көмегімен үміткерлер өтінімді онлайн бере алады. Өтінімдерді қабылдау модулі 13 қыркүйекте сағат 08:00-де қосылады. Өтінім берілгеннен кейін, 24 сағаттың ішінде «Taiburyl» ҚБ-ның қызметкерлері өтінімнің Ереженің барлық талаптарына сәйкестігін тексереді және кейінгі нұсқаулармен хат жібереді. Өтінімді екі тілде – қазақ және орыс тілінде беруге болады. Конкурстың басталуы туралы хабарлаған сәттен (бүгінгі күннен бастап), студенттердің қажетті құжаттарды жинауға және оларды сканерлеп бастауға болады. Қажетті құжаттар тізімі «Ай сайынғы шәкіртақы» ережесінің соңғы бетінде жазылған.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Бакалавриат бағдарламасы бойынша екінші курстан бастап, одан жоғары оқитын студенттер қатыса алады. Осы Конкурс шеңберінде жеңімпаз атанған студенттер 5 ай бойы (2016 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы қаңтар аралығында) 30 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы (жеке табыс салығын қоса алғанда) алу құқығына ие болады. Байқауға тек қана Ереженің барлық талаптарына сай келетін студенттер қатысса алады.
Бұл конкурс жалпыреспубликалық болып табылады, яғни елдің барлық өңірінің студенттері өтінім бере алады. Грант бағдарламасы бойынша және ақылы бөлімде оқитын студенттер де қатыса алады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, электрондық тәсілмен ғана e-mail поштамен, Facebook парақшасы арқылы хабарласып білуге болады. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына бөлімінен оқи аласыз.
Дереккөз: taiburyl.kz