«Білім гранттары» бағдарламасы бойынша «Береке» Қоғамдық Қоры демеуші болып табылады. «Білім гранттар» Ережесіне сәйкес келетін студенттерге 20 грант бөлінген.
Студенттерден өтінімдерді қабылдау 2016 жылдың 13 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Өтінімдер процесі толықтай автоматтандырылған, осының көмегімен үміткерлер өтінімді онлайн бере алады. Өтінімдерді қабылдау модулі 13 қыркүйекте сағат 08:00-де қосылады. Өтінім берілгеннен кейін, 24 сағаттың ішінде «Taiburyl» ҚБ-ның қызметкерлері өтінімнің Ереженің барлық талаптарына сәйкестігін тексереді және кейінгі нұсқаулармен хат жібереді. Өтінімді екі тілде – қазақ және орыс тілінде беруге болады. Конкурстың басталуы туралы хабарлаған сәттен (бүгінгі күннен бастап), студенттердің қажетті құжаттарды жинауға және оларды сканерлеп бастауға болады. Қажетті құжаттар тізімі ««Білім гранттары» ережесінің соңғы бетінде жазылған.
Назар аударыңыздар! Гранттар келесі тәртіп бойынша бөлінген:
1. 10 грант Almaty Management University бакалавриат бағдарламасы бойыншаоқитын студенттерге (барлық курс пен мамандықтар) бөлінген;
2. Келесі 10 грант ҚР орналасқан барлық ЖОО студентеріне, бакалавриат бағдарламасы бойнша, күндізгі бөлімінде, екінші курстан жоғары және төменгіде көрсетілген мамандықтар бойынша оқитын студенттерге бөлінеді:
-Механика
-Ядролық физика
-Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
-Геодезия және картография
-Машина жасау
-Математикалық және компьютерлік модельдеу
-Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
-Логистика (сала бойынша)
-Шығыстану (араб тілі)
-Журналистика
-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
-Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
-Техникалық физика
-Инженерлік жүйелер және желілер
-Көлік құрылысы
Байқауға тек қана Ереженің барлық талаптарына сай келетін және ақылы бөлімде оқитын студенттер қатыса алады. Бір грант бір жылдық оқуды төлеуге арналған. Жеңімпаздарды Бірлестік пен «Береке» ҚҚ құрылған комисссия таңдап алады. Грант «Береке» ҚҚ студенттің жоғары оқу орнына төленеді. Қоғамдық қор студенттің бірінші семестрін төлейді, егер де студент Ережеге сай болып тұрса, сол студентке екінші семестр үшін де төлеу мүмкін.
Сұрақтар туындаған жағдайда, электрондық поштамен, Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына бөлімінен оқи аласыз.