Студенттік шақ біздің барлығымыз үшін өмірдің ең ерекше кезеңі. Болашақтағы кәсіби жол мамандық таңдауға, тәжірибеден өткен орынға, игерген дағдыларға байланысты болады. Студент бола отырып жұмыс табу оңай міндет емес. Еңбек нарығындағы жағдай мынадай, жұмыс берушілер дипломсыз маманды жалдауға қызығушылық танытпайды. Алайда бұл жағдайдан шығудың да амалы бар: мемлекет жұмыс істейтін жастарды қолдау үшін әр түрлі бағдарламаларды іске асырады, студенттер халықаралық бағдарламаларға (олар Work and Travel) қатысуы мүмкін немесе өзінің болашақ жұмыс орнында тағылымдамадан өте алады.Осы мақалада сіз студенттерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша қайда жүгінуге болатынын, қандай мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларға қатысуға болатынын және ҚР заңнамасы бойынша студенттермен еңбек қатынастары қалай реттелетіні туралы ақпаратты ала аласыз. Жазғы демалыс кезіндегі студенттерге арналған жұмыс Жұмыс істейтін жастарды мемлекеттік қолдау. Жасыл Ел бағдарламасыЖазғы демалыстар кезінде немен айналысуға болады? Пайдалыны жағымдымен үйлестіруге тілек білдіргендер үшін оңтайлы шешім Жасыл ел мемлекеттік бағдарламасына қатысу болады, онда сіз ақша таба аласыз, жаңа таныстықтарға ие болып, өз далаңыздың экологиясына септігіңізді тигізе аласыз.2005 жылдан бастап елбасының бастамасы бойынша жазғы демалыстар кезінде жастарға әр түрлі бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс істеуге: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаштар отырғызу, кесу, ормандарды, су қоймаларын және т.б. санитарлық тазалау), өз қалаңды көгалдандыруға мүмкіндік беретін Жасыл Ел бағдарламасы жұмысын бастады. Аталмыш бағларлама соңғы жылдары өзін барынша белсенді ірі студенттік құрылымдардың бірі ретінде көрсете білді. Бүгінде елде 200мыңнан астам Жасыл ел сарбаздары бар. Қозғалыс Республиканың он төрт облысында он бір жыл бойы әрекет етуде.Бағдарламаны іске асыру және жалпы студенттік отрядтардың жұмысын іске асыруға әр аймақтағы Жастар саясаты жөніндегі мәселелер бойынша басқарма жанынан ашылған Жастар отрядтарының республикалық штабтары жетекшілік етеді.Егер сіз жасыл сарбаздардың бірі болуға бел бусаңыз, шартты жасау үшін қажетті құжаттарды өзіңізбен алып өз қалаңыздағы студенттік отрядтар штабына жүгініңіз. Студенттерге арналған бағдарламаның тартымдылығы мен қолайлығы іріктелу кезінде сізге міндетті түрде сұхбаттасудан өту керектігінде. Жасыл Елге қатысу тәжірибесі болашақ экологтарға, құрылысшыларға және инженерлерге ерекше пайдалы.Республикалық штаб сіздің жұмыс берушіңіз сияқты жұмыс кезінде сізбен еңбек шартына қол қояды, жұмысқа арналған арнайы киімді және қажеттілігі болған жағдайда көлікті ұсынады. Еңбекақы мөлшері туралы айта отырып, жұмыс көлемдеріне байланысты ол 30000-нан 150000 теңгеге дейін түрленеді.Еңбек шартын жасауға арналған қажетті құжаттар: жеке куәлік; зейнетақы қорынан шарт; банктік дербес шот (Қазпошта АҚ немесе банкте); ф.086 денсаулық жағдайы туралы анықтама; фото 34 (2 дана); егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасынан жұмыс істеуіне жазбаша рұқсат. Халықаралық бағдарламаларАҚШ. Work and Travel америкалық бағдарламасы жазғы демалыстар кезінде студенттерге арналған.Бағдарламаның мақсаты Қазақстанның студенттеріне Америка Құрама штаттарының мәдениетімен танысуға, тілді білу деңгейін арттыру, ел бойынша саяхат және маңыздылығы аз емес ақша табу мүмкіндігін беру.Work and Travel АҚШ қызмет көрсету саласында заңды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін студенттерге арналған бағдарлама: ресторандарда, қонақүйлерде, сауықтыру саябақтарында, дүкендерде және т.б. Бағдарламаны ұйымдастырудың екі түрі бар: қазақстандық агенттік жұмысты іздеуде көмектеседі. Бұл жерде жаз бойы жұмыс істеу қажет болады; Егер студентте алдыңғы жұмыс берушімен байланыс болса, жұмыс келісімшартын ұсынбастан. (яғни студент АҚШ-қа бірінші рет жіберілмесе). Агенттікке жазғы маусым бойында ол жұмыс істейтін жұмыс берушіден келісімшартты міндетті түрде ұсыну талап етіледі. Бағдарламада қатысу үшін қойылатын талаптар: жасы - 18-28 жас; өз ЖОО-да қатысушысын оқыту нысаны - күндізгі, кешкі; шет тілін білуі - базалық ағылшын тілі; Құрама штаттарда болу ұзақтығы шығу күніне байланысты 3-4 айды құрайды. Қажетті шарт Қазақстанға 1 қазаннан кешікпей оралу керек.Бағдарламаға қатысу үшін тіркеуден өткен және құжатты беруде кәсіби көмек көрсете алатын арнайы агенттіктерге жүгіну қажет. 2016 жылы тіркеуден мынадай агенттіктер өткен: CampTravel в США Жыл сайын бүкіл әлемнің мыңдаған студенттері, соның ішінде Қазақстанның да студенттері, америкалық лагерлерге тағылымдамаға барады.CampTravelхалықаралық мәдени алмасу бағдарламасыАҚШ-тағы жазғы лагерде кемінде 9 апта ішінде тағылымдамадан өтуді ұсынады. Қатысушы америкалық лагерьде екі қызмет түрінің бірін таңдай алады: тәлімгер немесе қызмет көрсетуші персонал. Тәлімгер балалармен көп уақыт өткізеді, оларды түрлі салаларда (негізінде спорттық) дағдыландырып, түрлі іс-шаралар мен ойындарға қатысады. Қызмет көрсетуші персонал ас үйде, кір жуатын және т.б. орындарда өз міндеттерін атқарып, лагерьдің жұмысын қамтамасыз ете Бағдарламаға 18-28 жас аралығындағы Жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімшелерінің студенттері мен аспиранттары-магистранттары, сондай-ақ 28 жасқа дейінгі оқытушылар (тек тәлімгер позициясы үшін) қатыса алады. Ағылшын тілін меңгеру міндетті! Егер: Сіз көпшіл және көңілді, жауапты, еңбекқор және ұқыпты болсаңыз? Сіз 18-28 жастағы күндізгі білім алу нысанының студенті немесе жас оқытушы болсаңыз? Сіз ағылшын тілінде еркін меңгерсеңіз? Сіз мамыр айының соңынан бастап тамыз айының соңына дейін кемінде тоғыз апта ішінде лагерьде болуға дайын болсаңыз? Сіз балалармен жұмыс істеуді ұнатсаңыз - Сіз CampTravel USA бағдарламасына қатысу үшін жарамды үміткер боласыз Work inSouth Africa Ең шуақты және экзотикалық ел Оңтүстік Африкадағы жұмыс каникулы.Бағдарламаның шарттары бойынша сен қызмет көрсеті саласында (мысалы, қонақ үйінде, мейрамханада, дүкенде) немесе кез келген өзге өзіңді қызықтыратын салада жұмыс таба аласың. Талаптар: Бағдарлама студенттерге және дипломын жарты жылдан бұрын емес алған түлектерге. Ағылшын тілі сөйлесу деңгейінде. Жасы -25жасқа дейін. Бағдарламаның ұзақтығы 2 айдан 12 айға дейін. Құжаттарды рәсімдеу шамамен 3 ай уақытты алады. Бағдарламаның құны: Бағдарламаның үш нұқсасының біреуін таңдауға болады: 1150$ трансфер, бағдарлау сессиясы, хостелде бір апта тұру және экскурсиялар; 990$ трансфер, бағдарлау сессиясы, хостелде екі күн тұру және экскурсиялар; 790$ трансфер, бағдарлау сессиясы, хостелде екі күн тұру. Құнына мыналар кіреді: Трансфер. бағдарлау сессиясы. хостелде тұру(бағдарламаның таңдалған нұсқасына байланысты 2-ден7күнге дейін). Қосымша төленеді: Авиабилет. Медициналық сақтандыру. Тұрақты тұру. Тамақтану. Толық ақпарат алу үшінсілтемебойынша жүгініңіз. Work inFrance:Францияда жұмыс істеу Work in France бұлФранцияда Парижде,Көкшіл жағалауда немесе Альпы тауларының шаңғы курорттарында жұмыс істеу.Осы бағдарлама бойынша Францияда студенттер мейрамханаларда, қонақ үйлерінде, демалыс парктерінде, бөлшек саудада жұмыс істей алады. Талаптар: Бұл бағдарлама францз тілін сөйлесу деңгейінде білетін студенттер мен түлектерге арналған (ағылшын тілін білу артықшылық деп есептеледі). Құжаттарды беру бағдарлама басталатын күнге дейін кемінде 2 ай бұрын. Бағдарламаның ұзақтығы: 4 айға дейін. Бағдарламаның құны: 1060 (жұмыс берушіні іздестіруге көмектесумен). Жұмысты өз бетімен іздестіру бағдарламасы (Self-Arranged) 805.тұрады Бірінші жарна 300 Құнына : Францияда жұмысты іздеуге көмек. Бағдарлама демеушісінің көмегі кіреді. Қосымша төленеді: Авиабилет. Медициналық сақтандыру (аптасына 13). Тұру(егер бұны жұмыс беруші қамтамасыз етпесе).(Self-Arranged) нұсқасында қатысушы жұмыс берушіні Францияға кету алдында өз бетімен табады. Тамақтану egov.kz.