- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Студент сұлу болу...
Студент сұлу болу үшін не істеу керек?
Студенттік өмір қызық та жарқын шақтарға толы. Сұлу да сау қалпымызды сақтауға алтын уақытымыздың бір бөлігін арнауымыз керек. Сыртқы сұлулық ағзамыздың саулығына тікелей байланысты.
Күнделікті режиммен, дұрыс тамақтану барлығының бірдей қолынан келе бермейді. Бірде уақыт тапшы, бірде қаржы мәселесі... Бірақ соғыста да дұрыс тамақтануды маңызды орынға қойғанын ұмытпайық. Асқазанымыздың қамын ойлауды алдымен зиянды тағамдардан бас тартудан бастаған жөн. Кола мен фастфуд – студенттің сүйікті асы, ал олар сұлулық пен денсаулықтың басты жауы. Дәруменге бай өнімдерді таңдап, аз-аздан жиі тамақтаныңыз.
Жаттығу залына барып тұрсаңыз құба-құп, бірақ ол міндетті емес. Көп қозғалу, жаяу жүру, таза ауада серуендеу, таңғы жаттығу жасау. Мән беруге тұрмайтын ұсақ-түйек секілді көрінгенімен, ағзаға пайда келтіруде зор маңызға ие.
Әрине, ұйқыға үнемі ерте жату мүмкін емес. Бірақ ұйқыңыз қанбай, көз айналасына қара дақтар шыға бастаса, өз келбетіңізді өзіңіз құртасыз.
№ 4 ереже – зиянды әдеттен арылу
Әр түрлі еліктіргіштер ортасында жүріп, өзіңді ұстап, бұрынғы қалпыңды сақтап қалу қиын. Ешкімге еліктемей, ешкімнің сөзіне ермей өзіңмен-өзің жүрсең ештеңе де өзгермейді. Алдымен өзіңізбен күресіп, жағымсыз әдеттеріңіздің бәрінен құтылыңыз.
Шашыңызға, тісіңіз, тырнағыңыз күн сайын күтім жасаңыз. Шашты жуып, тырнақ пен тісті тазалау соншалықты көп уақыт алмайды ғой. Сізге күнделікті таңғаларлық маникюр жасап, шаш үлгіңізді күн сайын өзгертіңіз демейміз. Ең жақсы шаш сәні – уақтылы жуып тұру. «Еріншектен - салақтық, Салақтықтан - надандық... Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық» деген Шәкәрім ақылсыз емес.
Қымбат та айрықша киімді барлық студенттің бірдей қалтасы көтермейді, ал киімнің ондай сипаттары маңызды да емес. Бастысы:
1) таза;
2) үтіктелген;
3) бүтін (жыртылмаған);
4) мүсініңізге жарасымды;
5) бір-бірімен үйлесімді болуы.
Бұл шарттарды орындау мектеп оқушысының да қолынан келеді. Көп уақыт пен жағдай талап етпейді. Өзіңізге аз ғана көңіл бөліңіз, сырт келбетіңіз мінсіз болып шыға келеді.
@. @assel_assanova