Шетелге оқуға барғым келеді...

Оқыту агенттіктеріне келетіндердің 80%-ы баратын мемлекетті, университетті таңдап қояды. Ал, қалған 20%-ы қай мемлекетке оқуға барған дұрыс деген сауалға жауап таппай қиналады. Осы мәселені шешуге септігі тиер мынадай шағын ақпараттық анықтама ұсынамыз.  

Диплом:
Университет таңдамас бұрын бұл елдің дипломы қаншалықты ықпалды деген сауал туындайды. Медицина мен заң саласынан басқа дипломдар әлемнің түкпір-түкпірінде жарамды. Жұмыс берушіге дипломнан гөрі сіздің тәжірибеңіз бен дағдыларыңыз маңыздырақ. Әрине, оқу орнына мән беретін елдер де бар. Дегенмен, көптеген мемлекеттер бір-бірінің білім беру жүйесіне сыйластықпен қарайды.

Оқу ақысы:
Жоғары білімі ақылы көптеген мемлекеттердің оқу ақысы олардың білім көрсеткіші, рейтингі, қызметкерлер мен студенттер саны мен аудиториялар мен кампусқа байланысты болды. Кейбір мемлекеттерде оқу ақысын төлеуге қарапайым адамның жағдайы жетсе, кейбір жерлерде оқу ақысы әлдеқайда жоғары.

Түсінікті болу үшін жергілікті валюта бойынша оқу құны мен оның қасына АҚШ долларымен есептегенде қанша екенін көрсеттік:
Аустралия: 19.000 AUD (14.300 USD) бастап;
Ұлыбритания: 10.000 GBP (12.800 USD);
Канада: мамандандырылған колледждер 13.000 CAD (9.800 USD), университтер 18.000 CAD (13.600 USD)
АҚШ: колледж 7.000 USD, университет 15.000 USD
Жаңа Зеландия: колледж 16.000 NZD (11.600 USD), университтер 18.000 NZD (13.000 USD)
Ирландия: 8.000 Euro (9.000 USD)

Оқу мерзімі:
Бағдарламаға сай білім алу ұзақтығы бір жылдан төрт жылға дейін созылуы мүмкін. Кредиттік жүйе бойынша білім алатын елдерде студент қалауы бойынша одан да ұзаққа созылады.

Ұлыбритания, Жаңа Зеландия мен Аустралияда бакалавр дәрежесін алу үшін үш жыл оқу керек. Одан бөлек, шетелдік студенттер бір жыл дайындық курсын (Foundation)  өтуі тиіс. Ал, АҚШ, Канада, Ирландия секілді елдер 11 сыныптан соң бірден қабылдайды.

Магистратура Ұлыбритания мен Ирландияда 1 жыл, қалған елдерде 1,5-2 жыл аралығын құрайды.