Шетелдегі студентжобасының қонағы өзінің аспан асты елінде алып жатқан білімі мен тәжірибесімен бөліспек. Іске сәт! Берекет АмандықовШанхай Ғылым жəне Технология Университеті, Автоматтандыру мамандығы Қазақстанда жүргенде:Мен қарапайым, орта үлгерімді оқушы едім. Білім алу үшін Малайзияға баруды жоспарладым. Кейін ағылшын тілімен қатар, қытай тілін меңгерудің артықшылықтарын аңғара бастадым. Шағын сараптамалық жұмысым таңдауымды өзгертуіме септігін тигізді. Алдымен, Қытай Халық республикасының оңтүстігіндегі Нанкин қаласына бардым. Сол қалада білім алдым. Ұшақтан шыққан бойда, мені күтіп тұрған тропикалық ауаны аздап жатсынып, бірақ көнуге тура келетінін ұқтым. Дегенмен, айтарлықтай жатырқау сезімі болмады. Кез келген жаңа ортаға тап болған адамның жан-жағына жалтақтай беруі, таңданыс білдіруі табиғи заңдылық. Үйреніп кеттім деп айта алмаймын, әлі үйреніп жүрмін. Шетелде жүріп кездестірген басты қиындығым достарымның нөмірін ұмытып қалғаным. Ал, тамаққа келетін болсақ, тәбетім тартпаса тағамның дәмін көрмеймін. Демек, әлі дәмсіз тамақты жемедім.Ең қызық сәттер...Бір жолы Үрімші қаласына барып, әрі қарай Шанхай қаласына ұшуым керек еді. Үрімшіге жеткен соң билеттердің бітіп қалғанын білдім. Осылайша, Үрімші маңында таулы өлкеде тұратын қазақтардың ауылындағы ағамның үйінде бір аптаға жуық қонақ болдым. Қазақстанды сағынамыз ба? Әрине, жырақта жүргенде сарғайған сағыныштың құрбаны боламыз. Ал, жастарға шетелде білім алуға кеңес беремін. Бірақ, алдымен, жастар өзіне не керек екенін ұғынса, шағын зерттеу жүргізіп, болашағына қандай септігін тигізетінін біліп келсе жақсы болар еді. Әсіресе, өзінің қабілеті мен қызығушылығана сай таңдау жасаса оқу да, мансап та сәтті болмақ. Елге ораласыз ба?Әлбетте. Сарп еткен уақытым да, басқасы да елім мен жерімнің мүддесі үшін. Пайдалы азамат болсақ деген кіршіксіз пейіл ғана. Қиындықтармен күресемін...Басқа салмасын, салса сабырлық танытып, өзінен де қиын халге душар болған жандардың барын білудің өзі керемет тәрізді. Себебі, қиындықтар тек қайрап, жігерлендіріп, ұмтылысыңды ұштап отырады. Шетелдік және қазақ достарым:Бұрындары біз ойлаған ойлар шетелдіктердің басына келмейді деуші едім. Кейіннен тілдескенде біз білгенді біліп, сөйлегенді сөйлейтініне көз жеткіздім. Тек салт-санасына байланысты әртүрлі ойлап, түрліше шешім қабылдайды екен. Бұдан басқа айырмашылық та, артықшылық та жоқ.