Жоғары білімінің үздігі атанып үлгермейінше кәсіпкер атану екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті, біріншісі екіншісіне кедергі болып, ығыстыратын тұстары да бізге тарихтан белгілі. Айта кетсек, бизнес саласының майталмандары Стив Джобс, Роберт Киосаки, Бил Гейтс немесе Марк Цукербергтердің жоғары білімін сәтті аяқтауына сол алпауыт идеялары кедергі болған.
Бұл екі сала бүгінгі алғыр кәсіпкерлер мен олардың сенімді іскерлеріне айналған жоғары білімді тұлғалар арасындағы байланысының алшынын көрсетеді. Жүйелі білім беру саласын жоққа шығарып отырған әйгілі кәсіпкерлер өздерінің бұрынғы көзқарастарын алға тартады. Яғни, оқуын тәмамдауға мұршасы жетпегендер алдағы өмірінде миллиардер атанып отыр.
Жас білімгер кәсіпкер бола ала ма?
Гарвардтың жатақханасынан өз бастауын алған Фейсбукті әлемге танытқан Марк Цукерберг осыған айқын жауап бола алады. Сондай-ақ, оның атағын жер танығаннан кейін ол қызығушылығын бизнеске айналдыруға шешім қабылдады. Ал оның нәтижесі барлығымызға белгілі. Марктың табысы «дүние жүзіндегі ең жас миллиардер» атағын иемденуге жетіп жатыр.
Билл Гейтс (Microsoft), Стив Джобс (Apple), Майкл Делл (Dell) және Ричард Брэнсон (Virgin) секілді тұлғалар да осыған мысал бола алады. Аталған жолы болғыш кісілердің жеке бизнесіндегі үдерістері мен дағдарысы қазіргі жас буынға үдеуші күш ретінде қолданылатынын дөп сеніммен айта аламыз.
Дегенмен, артықшылықтар мен кемшіліктерді ескермей кеткен де жөн болмас, яғни жоғары білімді әуесқойлықпен шатастырып алмауға тиіспіз. Уақыт кезегі мен бақ жанудың жаңашыл төңкерістің діңгектеріне кері әсер етпейтініне кім кепіл? Өз армандарын жүзеге асыру жолында тек қана дарын емес, қозғалтқыштың да негізгі рөл атқарғаны дұрыс болады.
Көпті көрген кісілер: “жоғары білімнің өмірілік маңыздылығы бар” деп көрсетсе, ал біреулері: “адам өзіндік мінезін тіктеуде және тұлға болып қалыптасуында қажет” дейді. Ал тіпті біреулері: “уақытыңды босқа жұмсамағаның дұрыс” дейді.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
сурет: telegraph.co.uk