- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Махатма Гандидің немересі...
Махатма Гандидің немересі елордалық студенттерге дәріс оқыды
Махатма Гандидің немересі Эла Ганди Астанада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысты. Бүгін ол қонақ ретінде дауды шешу кезіндегі қол жұмсау туралы дәріс оқыды
Эла Ганди бейбітшілік үшін күресте белсенділік танытып жүр. Ал Астанаға «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысуға келді. Бүгін әлемге танымал Махатма Гандидің немересі өз сапары аясында ҚазГЗУ студенттеріне «Дауды шешу кезіндегі қол жұмсамау әдісін алға тартудың маңыздылығы» тақырыбында дәріс оқыды.
«Қол жұмсауды қолдайтындар мен соны жалғыз шешуші әдіс деп есептейтіндер Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг, Нельсон Манделаның жолдауынан бас тартты. Қол жұмсау – жауыздықпен кездескен сәттегі сезім, оны біз жамандықтан арылу үшін қолданамыз. Бірақ, бұл – жалғыз жол емес және қол жұмсай отырып, қастық пен жауыздықты күшейтіп аламыз. «Қол жұмсамаудың» маңыздылығын түсіну үшін ішкі жан дүниемізге үңілу керек.
Біз адамды қалай көреміз? Оларды жаман мен жақсы деп бөлеміз. Әрбір адамда жақсы және жаман қасиет болады. Адамды мінезі қандай болса, сондай қасиетімен қабылдай білуіміз керек. Кез келген адам құрметке лайық», - дейді дәрісінде Эла Ганди.
Ертең Эла Ганди Назарбаев және Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқиды. Ол Қазақстанда 3 қыркүйекке дейін болады.
Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы