Студенттік өмір – ең тәтті де ұмытылмас шақ. Осы шақты бастан-аяқ әдеби шығарамалар атауымен бейнелеп шыққан Еркін Шәкірұлының мына анықтамалығына назар салыңыз. Көркем шығармамен сусындап, жартысының желісімен таныс болсаңыз, бұл қалжыңды түсіну қиын емес.
Университет – «Өмір мектебі»
Декан – «Менің Әуезовім»
Деканның орынбасары – «Оң қол»
Ұстаз – «Ағалардың алақаны»
Дәріс – «Өліара»
Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар»
Студенттік шақ – «Дүние-думан»
Танысу – «Менің атым Қожа»
1-курс – «Әңгүдік»
2-курс – «Пысық болдым, мінеки»
3-курс – «Асуда»
4-курс – «Қош бол, менің ертегім»
Магистрант – «Мәңгілік бала бейне»
Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін»
Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ»
Староста – «Жау тылындағы бала»
Емтихан – «Қан мен тер»
Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер»
Сессия соңы – «Аласапыран»
Диплом жұмысы – «Соңғы парыз»
Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат»
Бөлме – «Жетінші палата»
Демалыс – «Сағыныш»
Вахта – «Қорқыттың көрі»
Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит»
SMS – «Жүректегі жазулар»
Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек»
Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»