Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «География және табиғатты пайдалану» факультетінде жыл сайын дәстүрге айналған «Ең үздік студенттік топ – 2015» сайысы өткізілді.
Сайыста мынадай шарттар қойылды:
1) Қатысушы топтардың өздерін таныстыруы (видеоматериал)
2) Сұрақ-жауап
3) Үй тапсырмасы (Өнер көрсету)
Қатысушы топтардың саны төртеу болды. Айта кетсек, ғылыми география және геодезия және картография мамандықтарынан бір-бір топтан шығып, бақтарын сынады. Одан бөлек, туризм мамандығының екінші курс студенттерінен 2 топ қатысты.
Топтар:
Ғылыми география
Туризм «Алаш»
Туризм «Эверест»
Геодезия және картография
Кештің басталуынан-ақ әр топ өзінің өнерлерімен ерекшелене түсті. Әсіресе геодезия және картография мамандығы студенттерінің өздерін таныстыруы, яғни бірінші кезең үшін алып келген ақ аюы мен пандасы көрермендердің көңілінен шықты. Барлық топтың дайындықтарының жоғары деңгейде екендігі айқын байқалды. Бұл әрине сайыс болғандықтан, әр топтың өзінің қолдаушы көрермендері де болды. Анықтап айтсақ, барлық топта салыстырмалы түрде бірдей қолдаушы көрермендер жиналған екен. Сайыс барысында әр топтың мүшесі өз өнерін барынша ашуға тырысып бақты. Біреуі домбыра тартса, тағы біреуі скрипкада ойнады, енді біреулері ерекше би биледі.
Сонымен, «Ең үздік студенттік топ – 2015» атағын жеңіп, факультет аралық сайысқа жолдама алған - «Ғылыми география» мамандығының студенттік тобы.
Жолдаған: Камила Өрісбаева
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз:
«Сырласу» журналының ұжымы ҚазҰУ-да шеберлік сабағын өткізді
Студенттерге арналған үздік қалалар
Туған күн, мереке, атаулы күн...
ҚазҰУ-дың "Сұңқар" студенттер кәсіподағына 15 жыл толды