Қазақстанда докторант диссертациясының ғылыми жарияланымына қатысты талап өзгерді. Енді сапасы күмән тудыратын ресурстарда жарияланатын 7 мақаланың орнына сенімді ресурстағы 1 мақала жеткілікті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те хабарлады.
"Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды.
Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригинал ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады", - делінген жазбада.