Сұрағына жауап бере алмаған оқытушыны мазақ етіп күлген сайқымазақ студент жөнінде естіп пе едіңіз? Оқытушы оған дәріс беруден бас тартқанда, білімін ары қарай ақырындап жетілдіру үшін саяхатқа шығуды ұйғарады. Осылай мәңгілік студентке айналады. Қанша білім игерсе де – оған аз секілді көрінеді, тағы да оқулықтарды ақтаруға отырады.
Қазір ондай адам жоқ деп ойлайсыз ба? Қателесесіз! «Мәңгілік студенттің» қарапайым мысалы Ұлыбританияда өмір сүреді. Аты-жөні – Роберт Кронин. Принстон университетіне (АҚШ) 1948 жылы алғаш қадам басып, 2000 жылы 52 жылдан соң бір-ақ аяқтайды. 72 жасында дипломымен бірге «Университеттің ең қарт түлегі» атағын алады.