Аралық бақылау басталып, артынша қысқы емтихан келе жатыр. Демек, студенттердің жанталасып, мұрнына су жетпей жүретін шақ жақын. Ал егер, студент жұмыс жасап жүрсе ше? Бәрібір де ешкімді маңдайдан сипай қоймайды. Бәріне бірдей үлгеруіңіз керек.
Емтиханнан жоғары балл алғыңыз келсе, мына кеңестерге назар аударыңыз:
1. Дүкенге барғанда, жақын маңдағы дәріханаға соғып, С, Д, А және В дәрумендерін сатып алыңыз. Аса қымбатын алмаңыз. Орта жастағы немесе егде адамдарға арналған витаминдерді пайдалансаңыз болады. Мысалы, «Ундевит» дәрумені. Оның мөлшері егде жастағы адамдарға арналған. Ал мынадай «аласапыран» келе жатқанда, сізге үлкен күш-қуат керек. Қиын күндері әдеттегі мөлшерді екі еселеуіңізге болады. Күніне 3 рет 2 таблеткадан қабылдап тұрсаңыз, сіздің жұмысқа деген жігеріңізді арттырып, мидың ойлау қабілетін өсіреді.
2. Бір дәруменнің көмегі аздық етеді. Одан бөлек, бөлменің ауасын тазартып, сағат сайын бес минуттық жаттығу жасап тұрыңыз. Әсіресе, мойын, омыртқа және тамырлар үшін жаттығу жасаңыз. Тамырларды «ояту» үшін жай ғана аяқ-қолыңызды шамалы минуттар бойы сілкілеңіз. Жасап көріп, өзіңіз көз жеткізіңіз: сілкілеп болған соң, ойлау қабілетіңіз жылдамдай түседі.
3. Ұйқыңыз қанық болсын! Бұл көп ақпарат қабылдау үшін керекті негізгі алғышарт. Ұйқыңыз қанық болса, күндегіден көп ақпаратты жадыңызда сақтай аласыз.
4. Тұрақты тамақтаныңыз! Көбіне көмірсуы мол азықтарды пайдаланыңыз. Ақыл-ойдың шамадан тыс шаршауын тәтті тағамдар сіңіріп алады, мысалы шоколад. Көбіне қою қара шоколадты пайдаланыңыз. Біздің отандық кондитер өндірушілердің шоколад өнімдері сапалы әрі қолжетімді.
5. Таңертең бес минутыңызды өзіңіз мойын, бас және иықтарыңызды сылап, массаж жасаңыз. Бұл жаттығумен тәулік арасында айналысыңыз.
6. Берілген сұрақтардың тек 70%-ын ғана жаттаған болсаңыз да өзіңізге сенімді болыңыз. Бұл тек «Қызыл диплом» алмайтындар мен үнемі жолы болғыштар үшін айтылатын кеңес. Кей адамдардың жолы болып, күні оңынан туып жатады. Ондай жандарға жаттамаған сұрағы келмейді. Ал, 100% меңгерсеңіз, онда тіптен жақсы. Еш уайымдамай миыңызды демалдырыңыз.
7. Аралық бақылау мен емтихан арасында шамалы мерзім болады. Сол демалыстарыңыздың бір күнін таза ауада серуендеуге арнаңыз. Достарыңызды ертіп, қала сыртына шығыңыз. Сіз ойлау жүйеңізді кеңейтіп, энергиямен азықтануыңыз керек. Шана, шаңғы, коньки тебіңіз. Ал бұндай жадайлар сіз үшін шектеулі болса, таза ауада қар үстіне аунап, аққала жасап, қармен ойнаңыз. Тек серігіңіз! Қала сыртынан келген соң, сәби секілді ұйықтайсыз. Ал таңда өзіңіздің емтиханға дайын екеніңізді сезінесіз. Орайы келсе біздің берген кеңестерімізге жүгініп көріңіз.
Емтиханнан кейін біздің форумға, блогқа әсеріңіз туралы жазыңыздар. Өз-өзіңізге сеніңіз. Біз сіздің жоғары бағаға қол жеткізетініңізге сенеміз.
Сурет: centreduplateau.qc.ca