Емтиханға дайындалу керек болса, құр жаттап алам деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Мамандар оның пайдасының шамалы екенін анықтады. Олар оның орнына есте сақтаудың ең оңай тәсілдерін айтты. Біз бүгін назарларыңызға соларды ұсынғымыз келіп отыр.
1. Егер берілген материалды санаңызға сіңіріп алуға 2 күн ғана уақытыңыз болса, онда мына әдісті қолданыңыз:
Барлық мәліметтерді оқып болған соң бірден қайтадан қайталап оқып шығыңыз.
Алғаш қайталағаннан кейін араға 20 минут салып тағы бір рет оқып шығыңыз.
Үшінші рет 8 сағаттан соң қайталаңыз.
1 тәулік өткеннен кейін тағы бір рет қайталып жіберсеңіз, емтиханға тас-түйін дайын боласыз.
2. Ал, егер уақытқа шектеу болмай, ақпараты ұмытпай, есіңізде біраз уақыт ұстағыңыз келсе, мына бір кеңеске құлақ түріңіз.
Бірінші қайталау — бірден оқып болған соң;
Екінші қайталау — бірінші қайталаудан 20-30 минуттан кейін;
Үшінші қайталау — екінші қайталаудан 1 күн өткен соң;
Төртінші қайталау — үшінші қайталаудан 2-3 аптадан кейін;
Бесінші қайталау — төртінші қайталаудан 2-3 ай өткен соң.
Бірінші тәсіл де, екінші тәсіл де қатты қиын емес екеніне көзіңіз жетіп отыр. Сондықтан құр жаттап алып, ертеңіне ұмытып қалғаннан гөрі осы әдіс-тәсілдерді қолданғаныңыз жөн.
Іске сәт, достар!