Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін диплом жазу, курстық жұмыс, магистрлік және докторлық диссертация жазу науқаны басталды. Уақытымыз көп болса да әр нәрсені дер кезінде бастауды емес, жақындаған кезден бастап тез аяқтауды жақсы көреміз. Тек кеш қалып жатамыз немесе абыр-сабыр болып кетеміз. Болар іс болып, бояуы сіңген кезде не істеу керек?Уақыт жақындаған сайын жас ғалымдар ғылыми жұмыстарын әр жерден көшіріп алуға асығады. Көшірген кезде де сауатты түрде емес, қалай бар солай көшіріп пайдаға асыруға асығады. Бірақ олар антиплагиаттың бар екенін ескермей қалады. Бұрынғыдай емес, технология дамыған уақытта плагиаттардың жұмысты көшірілген әлде көшірілмегенін бірден тауып береді.Әр университеттің өзіне тән жүйесі бар. Ол жүйеге плагиат мәселесі де кіреді. Біреуінде шала тексеріп жатса біреуінде қадағалайды. Тіпті кейбір университеттерде екі-ақ рет плагиаттан өткізу құқысы ғана бар. Бұл деген сөз жұмысты екі-ақ рет салып тексере аласыз, одан кейін сізде мүмкіндік болмайды. Ал жұмысыңыз 70%-дан төмен болып шықса, жұмысты толығымен көшіріп алдым деп есептеңіз және ол ары қарай қорғауға жіберілмейді.Диплом 90-100% болу үшін не істеу керек?Түрлі амалдарды қарастырасыз. Бірақ қазір бұрынғы әдіс-тәсілдердің кезеңі өтті. Компьютердің сандық кодтары бәрін біледі және тауып береді. Сондықтан ең дұрысы, өзіңіз жазыңыз. 60, 100, 200 бет жұмыс жазу, әрине, оңай емес. Бірақ бәрін көшіріп алуға болмайды. Бәлкім өзіңізге керек құнды ақпарат таптыңыз, бірақ оны келген қалпында сала алмайсыз. Себебі ол сізге тек пайдалану үшін керек.Ішкі сілтемені ([2, 3]) дұрыс көрсетіңіз. Плагиат жұмысты тексеру кезінде сілтемелер бойынша жұмыс жасайды. Сіздің сілтеме көрсеткен жеріңізді плагиат деп таппайды. Себебі сіз ол жерге пайдаланған әдебиеттің бетін көрсетесіз. Кейде сіздің жазған сөзіңізді де плагиат деп шығарып беруі мүмкін, мұндай жағдай шағымдануға болады.Бір мәтінді көшіріп алуға тура келсе, сол қалпында көшіріңіз,ол ғаламтордан алынса дасілтеме беріңіз.Оның астына өз ойыңызды жазыңыз. Талдауға тырысыңыз. 100 адам диплом қорғап, оның жүзі де ғалым болып кетпесі анық. Дегенмен еңбекпен келген жұмыстың жөні бөлек. Сондықтан қандай әдіс пайдалансаңыз да, пайдаланған жұмысыңыздың әрбір мәтіннен кейін өз ойыңызды және талдауды қосып отырыңыз. Бұл үлкен көмек.