- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Бүгін «ізденушілер» күні...
Бүгін «ізденушілер» күні
Бүгін ізденуден жалықпайтын студенттердің төл мерекесі. Студент – талмай талаптанатын, қызық пен шыжықтың ортасында жүретін қоғамның ең белсенді мүшесі.
Студенттің жеті деңгейін білесіз бе?! Бұл жеті деңгей студентті жан-жақты тәрбиелеуге, атына заты сай болуына алып келеді.
Физиологиялық деңгейі: аштық, бас ауру, ұйқысыздық, шаршау және т.б.
Қауіпсіздік деңгейі: өзіне сенімділік және қорқыныш, кенеттен туатын кез келген жағдайға дайын болу
Қажеттілік деңгейі: махаббат пен машақат
Мақсаттық деңгейі: еңбектің шыңына жету, талаптану, «сыйға сый, сыраға бал» ұғымын жете түсіну
Ақыл-ой деңгейі: білу, түсіну, зерттеу, зерделеу, нәтиже шығару.
Эстетикалық деңгейі: қоғамдағы рөлі, өзін-өзі бағалай білу, сыртқы сұлулық, ішкі жан дүниенің әсемдігі
Ең биік деңгей: жеке өмірін тұрақтандыру, мақсат-мүддесі үшін қызмету ету, ұлттың және елдің білікті маманы болу.
Аталған деңгейлер студенттің өмірінде маңызды рөл атқарады. Себебі "Студент" сөзі тек ізденуші емес, сонымен қатар "жалын", "жастық" деген ұғымның тікелей мағынасына саяды. Жастық оттың жалындап тұрған шағында еңбек сүйгіштікке ұмтылу, елдің жігерлі азаматы болу, білікті маман, қоғам белсендісі болу бүгінгі студенттің басты міндеті. Студенттік өмір қызыққа толы екенін ұмытпаңыз.
Massaget.kz сайтының ұжымы барша студенттер қауымын бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтайды!
М. Ақан