- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Болашақ теңізіне жол...
Болашақ теңізіне жол бастаған бала арман
Балалық шақтың балғын дәмінен алыстап, үлкен өмір қадамына аттағаныма бүгін бірер айдың жүзі болып қалыпты. Өткен күннің қол жетпестей көрінген асыл арманы мені арман қала Алматыға алып келді. "Ол қандай арман?" дейсіздер ғой.
Ол арман әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіміздің студенті болу еді. Шын ниетпен тілеген тілегім бүгінде орындалды. Кешегі күннің өшпес ізі, балалығымның қайнар көзіне айналған мектебімді бітіреген соң, қай оқу орнын таңдаймын деген сұрақ мені мүлде мазаламады. Себебі, ол сұраққа мен бала кезімде жауап беріп қойғанмын. Мектеп бітіргеннен кейін ойланбастан, қиялымдағы мекенге жол тарттым. Алғашқы әсерім сөзбен айтып жеткізе алмастай еді.
Арада біраз уақыт өткен соң, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты, солардың қатарындағылардың бірі мен екенмін. Қуаныштан көзге еріксіз жас келгені кеше ғана еді, ал бүгінде сол оқу орнының студентімін. Кешегі Мұхтар Әуезов дәріс берген аудиторияларда отыру қаншалықты бақыт екенін білсеңіздер ғой.
Ата-анама деген сағынышымды, ұлттық университетімізге деген махаббатым алмастыруда. Келешекте осы оқу орнының білікті де білгір маманы болып шығатын сенімім ақталса екен деп тілеймін.
Жолдаған: Салтанат Қырғызбекқызы
Оқи отырыңыз:
1. «Сырласу» журналының ұжымы ҚазҰУ-да шеберлік сабағын өткізді
2. Студенттерге арналған үздік қалалар
3. Швейцариялық студенттер суда еркін жүзетін робот-балық шығарды
4. Сексен сұлуды суретке тартқан студент
Сурет: img2.goodfon.su
Е. Жұмабайұлы