Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіфилология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай 2016 жылдың 22 қарашасында «ШАНДОЗ» атты зияткерлік сайыс өткізді. Оған «5В020500-Филология» мамандығының 2-курс студенттері арасынан шыққан үздік 3 команда қатысты.
Қалқамжай Жанат, Мұхтархан Ақнұр, Емешова Гүлдариға, Аманжанова Жансұлу, Сейтбатқал Арлен, Имангазина Меруерт сынды дарынды студенттер өз қатарларынан оқ бойы озық екендіктерін дәлелдеп, сайысқа жолдама алды.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық және Алматы қаласының 1000 мерейтойына арналған сайыста егеменді еліміздің және Алматы қаласының тарихына арналған сұрақтармен қатар мамандық бойынша алған білімдері сарапқа түсті. Сайысқа филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы, филология және әлем тілдері факультеті деканының орынбасарлары доцент К. Күркебаев пен Е. Кәрбозовтар төрелік жасады.
Нәтижесінде сайысқа қатысқан 6 студенттің ішінен ІІІ орынды Қалқамжай Жанат, ІІ орынды Сейтбатқал Арлен, І орынды Имангазина Меруерт алды.
Барлық сайысқа қатысушыларға кітап пен диплом табыс етілді. Ал финалға шыққан студенттерге «Лингвоарна» ғылыми-зерттеу орталығының директоры ф.ғ.к., доцент А.Т.Аширова 1 шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.
Ел тәуелсіздігінің мерейтойына филология және әлем тілдері факультетінің студенттері де өз білімдерімен «ШАНДОЗ» атанып, сый-тарту жасады.
Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары
доцент Ж.Б. Саткенова, оқытушы А. Жүзбаева