- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Айжұлдыз Адайбекова жайлы...
Айжұлдыз Адайбекова жайлы 12 дерек
Осы бір ізденімпаз бойжеткеннің өмір сүру тәртібі өзгеден ерек. Өйткені ол өзін жан-жақты дамытуды тоқтатқан емес. Осы үшін де Massaget.kz бүгінде Айжұлдыз жайлы сөз қозғайды.
Бүгінгі таңда жастар бос уақытын қалай өткізерін білмей, көбіне интернет беттерін жағалайды. Одан қалса, істерге іс таппай күйзелу, жалығу сезімдерін бастан өткереді. Бірақ өмірде "үйренемін", "оқимын" деген адамға тосқауыл жоқ. Бұл сөзімізге Айжұлдыздың күнделікті өмірі дәлел.
Айжұлдыз Адайбекова – қазақ әншісі Жанар Айжанованың қызы. Бұл бойжеткенді қазақ қызының бойтұмары саналған қолаң шашы да өзгеден ерекшелеп тұр. Айжұлдыздың бойына бірнеше өнер тоғысқан. Ендеше бойжеткеннің өміріне тереңірек үңіліп, ол туралы 12 деректі ұсынып көрейік.
1. Түрлі музыкалық аспапта ойнайды, музыкалық сауаттылығы бар. Күләш Байсейітова атындағы музыкалық колледжде оқыған.
2. Сурет салады.
3. Модель.
4. Таэквондомен шұғылданады.
5. Кәсіби түрде мейк-ап жасай алады, шаш үлгісін де кәсіби түрде сәндейді. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында суретші жəне киім дизайнері мамандығы бойынша оқыған.
6. Актриса, әнші, биші, телеарнада бағдарлама жүргізген.
7. Йогамен айналысады.
8. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді, басқа да шет тілдерді үйреніп жүр.
9. Бос уақытында оңтүстік кореялық фильмдерді көргенді ұнатады.
10. Кітап оқиды.
11. Түрлі елге саяхат жасайды.
12. Қазір Германияның Ахен қаласында оқып жүр.
Бар-жоғы 17 жаста әр саладан білім жинаған Айжұлдыз "Жастарға бос уақытында немен шұғылдануға болады?" деген сұраққа нақты жауап бергендей. Ендеше бос уақытыңызды пайдалы дүниеге жұмсауды қазірден бастаңыз.
М. Оңғарова