- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Әрбір студент нені...
Әрбір студент нені білу керек?
Үш ай демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталуға жақын. Мектептен түлеп ұшқан түлектер ендігі студент атанып, «балмұздақ» қатарына қосылуға жақын. Бірақ олар әрбір студент атанған жанның нені білу керектігін біле бермейді.
Студенттік билет пен сынақ кітапшасы
Соңғы кездері сынақ кітапшасының орнын электронды нұсқасы басып, қолданыстан қалған. Бірақ қолданыстан қалғанымен әлі де пайдаланатын жоғары оқу орындары бар. Студенттік билет пен сынақ кітапшасы сіздің жеке куәлігіңіз секілді. Тек куәліктен айырмасы ол сіздің студент екеніңізді растайтын құжат.
Кімнің кім екенін білу
Бұл өте маңызды. Себебі сіз өзіңіз оқып жатқан оқу орынның басшылығын, оның ішінде ректор мен проректорлар, қала берді департамент директорларын білу керек. Ең керегі факультетіңізде қанша кафедра бар, басшылары кім, деканыңыз, декан орынбасарларын жатқа біліңіз. Бұл саналы студентке тән құбылыс.
Сіздің жеке құқыңыз бен міндеттеріңіз
Еліміздегі жеке бас заңына сәйкес, әрбір университеттің ішкі кодекстері болады. Онда сіздің құқыңыз бен міндерттеріңіз жазылады. Мұны жатқа білген де жақсы. Себебі түрлі жағдайлар орын алған кезде талап ете аласыз, қателігіңізді түсінесіз.
Сабақ кестесі
Мектеп қабырғасында жүрген кезде сабақ кестесін қалай жатқа білсеңіз, мұнда да тура сондай. Тек арасында кестедегі сабақтардың уақыты өзгеріп, оқытушылар ауысы мүмкін. Сондықтан жіті бақылауда ұстаңыз.
Қабілетіңізді көрсете біліңіз
Мектеп қабырғасында ойнадық, биледік, ән салдық енді оларды қалды деп тастап кетпеңіз. Сіздің өнеріңіздің шыңдалатын жері осы ЖОО. Сондықтан жан-жақты болуға, өзіңізді көрсетуге тырысыңыз.
Жаңалықтарды біліп жүріңіз
Университет ішінде болсын, сыртында болсын барлық жаңалықтардан хабардар болып жүріңіз. Түрлі өзгерістер сізге керісінше әсер етуі мүмкін. Сондықтан бала емессіз, кез келген дүниені бақылауда ұстау және онымен жұмыс жасау сіздің, яғни студенттің басты міндеті.
М. Ақан