- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Әлемдегі ең ерекше...
Әлемдегі ең ерекше жатақханалар
Жатақхана (студенттер үйі) – адамдар үшін ыңғайлы әрі арзан бағада, қол жетімділік мүмкіндігі бар орын. Бүгінгі таңда жатақхананың негізгі тұрғындары – студенттер. Әрбір ЖОО-да өзіне тән жатақханалары бар. Бұл ғимараттар студенттер үшін жұмыс істеуге арналған. Олардың өмір сүруі, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сай жабдықталады. Дегенмен әлемде өзіне тән ерекшелігімен көзге түскен жатақханалар бар.
Cite A Docks – Франциядағы жүк тасушы контейнерлерден құралған жатақхана
Simmons Hall – Массачусесттегі техникалық университеттің жұмсақ губка тәрізді жасалған жатақханасы
Jaegersborg Water Tower – Даттықтардың су құбыры тәріздес үлгідегі жатақханасы
"Араның ұясы" – бұл шынымен атына заты сай араның ұясы секілді ерекше үлгіде салынған жатақхана. Студенттер үйі Эстонияда орналасқан
Usen Castle – "Хогвартс" есіңізде ме?! Гарри Потердің әлеміне апаратын ежелгі тас үлгідегі жатақхана
Твенттегі бұл жатақхана спорттық үлгіде салынған. Ішінде жүріп, жүгіріп, кез келген спорт түрімен айналыса аласыз
М. Ақан