Құт мекені ҚазҰУ-ға келгеніме биыл үшінші жылдың жүзі болып жатыр. ҚазҰУ-ды мүмкіндіктер әлемі деп мен де айта аламын. Бұл — еліміздегі оқу ғимараты мен студенттер үйі бір орында орналасқан бірегей университет. Мұнда студенттерге қызмет көрсету орталығы (кинотеатр, медициналық орталық, дәріхана, анықтамалық орталық, ұйымдар штаб–пәтері), ғылыми кітапхана, оқу ғимараттары, студенттер үйі, жас ғалымдар үйі, студенттер сарайы сынды нысандар бар!
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
Тағы бір айта кететін жәйт, мұндағы жұмыс жасайтын мамандардың жүзі үнемі жайдарлы болып, білім іздеген жастар үшін қашанда қуанып тұрады. Бәрі де оқырман игілігі үшін жасалған. Бізден сұралатыны тек ғана оқу, талап және нәтиже!
Жолдаған: Камила Өрісбаева