2014 жылдың 27 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «әл-Фараби» кітапханасында ұлттық университетіміздің студенттері «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық автокөлік экспедициясын қарсы алды.
Экспедиция қазақстандықтарды, соның ішінде жастарды еліміздің көріктілігі мен бірегейлігі идеясының төңірегінде біріктіру, жалпыға ортақ татулық пен келісім құндылықтары негізінде отаншылдық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу кешінде жобаның қатысушылары жүріп өткен жолдарындағы әсерлерімен, мақсат-міндеттерімен бөлісті. Экспедицияға қатысушылар облыс орталықтарында өңірдің туристік, білімдік және экономикалық жағдайын көрсететін фотокөрмелер өткізгенін, жоба соңында экспедицияға қатысушылар сапардан алған әсерлері туралы фильм түсіріп, фотокітап шығаратынымен де бөлісті.
Студенттер қосымша сұрақтар қойып, көрмелермен танысып, естелікке суреттерге де түсті. Кеш соңында студенттер жоба мүшелеріне жылы лебіздерін білдіріп, сәт-сапар тіледі.
Жолдаған: ҚазҰУ-дың филология,
әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің
оқытушысы Шакирова Динара
Сурет: Динара Шакированың жеке архивінен, strategy2050.kz