Алдыңғы материалда ағылшын тілінен магистратура емтиханы қалай өтетінін, сұрақ сандары мен берілер уақытын жазып, тест тапсырмалары туралы түсінік берсек, бұл жазбада емтиханға қалай дайындалу жөнінен кеңес береміз.
Тестілеуге дайындықты бастай алмай жүрсеңіз, өзіңізге қызықты не ең қиынсынатын тақырыбыңыздан бастаңыз. Күніне 15 минут бөліңіз. Күнделікті осы дағды қайталана берсе, етіңіз үйреніп, уақытты да еріксіз созасыз.
Дайындық пен демалыс уақытын кезектестіріңіз. 30 минут дайындалсаңыз, 7 минут тынығыңыз. Үзіліссіз жұмыс тез шаршатады әрі есте сақтау қабілетіңізді төмендетеді.
Жазып дайындалу жадта жатталуына ең тиімді тәсіл екенін жаздық. Барлық мәтінді көшіріп, уақытыңызды текке құртпай, маңызды тұстарын, ұмытып қалмайын деген жерлерін конспектілеп алыңыз. Бұл тәсіл емтиханға 1-2 күнге қалғанда жылдам қайталауға да септігі тиеді.
Бақылау тестін орындау алдында уақытқа назар салыңыз. Бір тестті қанша уақытта орындайтыныңызды анықтап, күн өткен сайын аз уақытта шешіп аяқтауға тырысыңыз.
Емтихан басталғанда «егер өтпей қалсам», «сұрақтың барлығына жауап бере алмай қалсам», «бұл сұрақтардың ешқайсысын білмеймін» деген секілді шайтан ойларға орын бермеңіз. Тест болғандықтан, түйсікке сеніп, белгілеп жіберіңіз де, еш саспаңыз.
Алғашқы тыңдалым бөлімі басталар кезде аудиториямен бейбіт түрде келісімге келіңіздер. Әйтпесе аудио қосылғанда барлығы кітаптың келесі бетін ашып, бір-біріне сөйлеп, «шуламаңдар» деп, екі-ақ рет оқитын мәтінді дұрыс тыңдауға мүмкіндік бермейді. Өзіңіз де келесі сұрақты қарау үшін кітап бетін сапырып, уақыт жоғалтып алмас үшін бірінші бетке мәтінге қатысты барлық сұрақты қысқаша түртіп алыңыз.
Мүмкіндік болса, жаныңыздағы адаммен кітапшаны уақытша алмастырып, сұрақтарымен танысыңыз. Оның сұрағындағы жауапқа берілген нұсқалар сізге сұрақ болып келуі мүмкін. Яғни бірдей мәтіндегі сөйлемдерді айналдырып әр түрлі сұрақ етіп жасайды.
Еш қобалжымай, сұрақтарды асықпай-аптықпай екі қайтара оқып, дұрыс түсініп алыңыз. Соңында барлығын белгілеген соң тексеруді ұмытпаңыз.
Ағылшын тілінен магистратура емтиханы қалай өтеді
Магистратура: ағылшын тілі. Ең маңызды мәліметтер
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Лексика-грамматика
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #1
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #2
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Оқылым #3
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #1
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #2
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #3
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #4
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #5
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #6
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #7
Магистратура: ағылшын тілінен тест сұрақтары. Тыңдалым #8