Қазір студенттер ерте жұмысқа тұрып, ерте қамдансақ дейтіндердің қатарына жатады. Олардың нені армандайтыны қызықтырып, пікірлерін сұраған едік. Сонымен, 20 жастағыстудент нені армандайды?Мира: Дәл қазір оқуымды тезірек аяқтауды армандап жүрмін. Өйткені, оқу аяқтай салысымен жүзеге асыруға тиісті істердің тізімі бар. Соның бірі мамандығым бойынша жұмысқа орналасу.Айғаным: Мен үлкен махаббатты армандаймын. Күлкілі көрінер, бірақ ата-анамыз шынайы махаббатын студент кезінде жолықтырған. Олардың қалай кездескені, бірге жүргендері, көрген қиындықтары мен қызықтары біз үшін ертегі секілді. Мен де өз өмірімнің ертегісін жазғым келеді.Жадыра: Өз ойларымнан арылғым келеді. Біреу үшін орнымның барын ұқсам деймін. Адамдар адам қалпын сақтаса екен. Сонымен қатар, әлемді жақсы жағына өзгерту үшін септігімді тигізгім келеді. Одан бөлек, өмірде өзіме ғана тиесілі рөлді сомдағым келеді.Майя: Мен өзімді тапқым келеді. Дәл қазір нені қалайтыным, қолымнан не келетінін білмеймін. Ал, болашақта қартайғанда қала сыртында үлкен үйім болып, барлық балаларым, немерелерім, шөберелерімді жинап, үйім күлкі мен бақытқа толы болса ғой деп армандаймынМейіржан: Мен жиі пәтер ауыстырамын. Өйткені, ата-анам өзге қалада тұрады, өзім басқа қалада оқимын. Пәтерден-пәтерге аусып шаршағаным сонша, соңғы уақытта басты арманым пәтер сатып алу. Көлік те керек емес, тек қана тұрақты үйді армандаймын.Диана: Мен тездетіп оқуды аяқтап, шетелге кетуді ойлап жүрмын. Ондағы басты мақсатым оқуды жалғастыру. Сол үшін курстарға барып жүрмін әрі армандарымның шындыққа айналатынына сенемін.Шынар: Мен бостандықты армандаймын. Жасым 20-ға толғанына қарамастан, ата-анам жиі телефон соғып, тексеріп, мазалап отырады. Менің есейгенімді, өз бетіммен өмір сүре алатынымды ұқса деймін.Жалғас: Менің арманым көп. Соның бірі би мектебін ашу. Бір кездері маған сенбеген адамдарға Міне, бұл мен деп дәлелдегім келеді.Гүлім: Мен арықтауды армандаймын. Әрине, бұл тым кішкентай арман шығар. Бірақ, мен үшін үлкен арман секілді. Айналамдағы сұлу сымбатты қыздарға қызығамын. Менің қолымнан келеді деп үміттенемін.Міне, армандар сан алуан. Бірақ, оның үлкені, кішісі, толығы мен арығы жоқ. Өйткені, әр арманның өзінше орны бар. Армандай біліңіз және оын мақсатқа айналдырыңыз. Сәттілік, достар!