- Негізгі бет
- Студенттік өмір
- Жатақхана әлде...
Жатақхана әлде пәтер?
Кешелі бері білім гранты шығып, студент атанған студенттердің қуаныштарында шек жоқ. Жан-жақтан ағылатын жас түлектер үлкен қалада қандай қиындықтар, студенттік күндердің қызығы мен шыжығы қатар жүретін кездердің қандай болатынын әлі елестеткен жоқ. Грант қолыңызда болғанымен баспанаға келген кезде түрлі қиындықтар туындайды. Сондықтан сіздерге осы ақпаратты ұсынып отырмыз.
Студенттік жатақхана
Студенттерге арналған жатақхана әрбір жоғары оқу орындарында бар. Алматы қаласы бойынша барлық дерлік университеттерде бар. Тек мемлекеттік емес жекеменшік оқу орындарында баға құны басқаша болуы мүмкін. Ал ұлттық және мемлекеттік статустағы оқу орындарында арзанға түседі.
Студенттік жатақхана құны ай сайын және жылға болып бөлінеді. Жыл өткен сайын баға өсіп келеді. Шамамен алған кезде айына 8500-15000 теңгеге дейін барады. Ал жылына төлейтін сома 50 000- 100 000 теңгенің арасында шығады. Бұл тек осы уақытқа дейінгі есептік көрсеткіш. Ал жаңа оқу жылына өзгеріс болуы да мүмкін.
Артық шығын жасамайсыз, тек тұратын орныңызға төлейсіз. Қалған ақшаңызды өзіңіз үшін жаратасыз. Ыстық және суық су, ортақ жуынатын жер, төсектермен жабдықталған жатақханалар қазір барынша еуропалық стандарттарға сай жасалып жатыр. Тек бір қиындық бар. Жоғары оқу орындарының ішкі тәртібіне қарай барлық студент жатақханамен қамтамасыз етілмейді. Оған түрлі жеңілдіктер жасалды.
Жеңілдік түрлері:
Көп балалы отбасы болғанда (4 баладан көп);
Жартылай жетім болған жағдайда;
Ата-анасы мүгедек немесе қызметке жарамсыз болған жағдайда;
Алыс аймақ болса;
Қосымша жеңілдік түрлері университеттің өз заңына сай жасалады.
Ал егер жатақхана ала алмаған жағдай болса не істейсіз?
Үлкен қалада пәтер жалдап тұру қалыпты жағдай. Тек қалтаңыз көтерсе болды оның ешбір әбестігі жоқ. Тек кемшілігі сол артық шығын боласыз. Үлкен қалаларда пәтер құны айына ортақ есептеген кезде бір бөлме – 40-60 мың теңге көлемінде болады. Ал екі бөлмелер 70-80 мың теңгеден жоғары есептеледі. Оған қоса үй шығын бар. Ыстық су, суық су, қуат көзі деген сынды қосымша дүниелер 10-15 мың теңгеге барады. Адам басына шаққан кезде 15 мың мен 20 мың теңге арасында айына шығындаласыз.
Пәтерге тұру бір жағы әрине қауіпті. Себебі үлкен қалада жүріп-тұру, сабақтан кеш қайту мәселелері бар. Бірақ өзіңіз уақытты дұрыс әрі пайдалы жағынан пайдалансаңыз ұтасыз.
Студенттік өмірге қош келдіңіз, жас түлек!
М. Ақан